jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астаналық оқушылар күн райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауысты

    Боран
    Боран. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 13 ақпанда Астана мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "13 ақпанда күн райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрағанын хабарлағанбыз.

    Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Петропавл" тас жолының бір бөлігі жабылатынын ескертті.

    Нақтырақ айтқанда, 13 ақпан сағат 07:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана - Щучинск) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

    Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 17:00-де ашу жоспарланған.

    Астаналық оқушылар күн райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.