jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру жеңілдей түсті

    Мектептегі оқушы
    Мектептегі оқушы. Фото: pexels.com

    Қазақстанда ата-аналар мен заңды өкілдер баласын бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.

    "Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады", - делінген хабарламада.

    Қызметті алу үшін:

    • eGov.kz порталында тіркелу;
    • "Білім" - "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
    • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
    • Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.
    Елімізде оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру жеңілдей түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.