jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    2026-2027 жылдары енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары қоғамдық талқылауға шығарылды

    Оқулықтар
    Оқулықтар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    2026-2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Қазақстан Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқулықтарды талқылау "Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау" бөлімінде мына пәндер бойынша жүргізіледі:

    • 4 сыныптарға арналған: "Қазақ тілі", "Орыс тілі" (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), "Математика" (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), "Дүниетану", "Әдебиеттік оқу"
    • 7-10 сыныптарға арналған: "Дүниежүзі тарихы", "Алгебра", "Қазақ тілі", "Химия", "Биология", "Физика", "География", "Құқық негіздері", "Шетел тілдері" (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.

    Қоғамдық талқылау онлайн форматта өткізіледі. Бұл өз кезегінде педагогтердің, ғалымдардың, әдіскерлердің және мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың қатысуына мүмкіндік береді.

    "Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқулықтар бес сатылы сараптамадан өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

    Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаудан бөлек, еліміздің бірнеше өңірінде 34 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.

    Пәндік сараптамалық комиссияның шешімімен барлық кезеңнен өткен оқулықтар мектептерде қолдануға және Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізуге ұсынылады", - делінген министрлік хабарламасында.

    2026-2027 жылдары енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары қоғамдық талқылауға шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.