jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда 13 қазанда оқушылар арасында байқау басталады

    Оқушы
    Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда 2025 жылы 13-31 қазан аралығында "Таза ауа – біздің болашағымыз!" атты шығармашылық байқау өтеді. Іс-шара экология және ауаны қорғау мәселесіне арналған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бұл байқау жас алматылықтардың назарын қоршаған ортаның тазалығы мен Almaty Taza Aua бастамасын қолдаудың маңыздылығына аударуға бағытталған.

    Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

    • Сурет салу – 1-6 сынып оқушыларына;
    • Эссе жазу – 7-11 сынып оқушыларына.

    Жұмыстар электронды түрде (фото немесе скан нұсқасында) almatytazaaua@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Хатта қатысушының аты-жөні, мектебі және сыныбы міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

    Барлық жолданған жұмыс жоба парақшасында, Instagram: @Almaty_Taza_Aua әлеуметтік желісінде жарияланады.

    Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Ең үздік жұмыстар басылып, мектеп пен қала аумағында орналастырылады.

    Байқау қорытындысы 2025 жылы 3 қарашада шығады.

    Алматыда 13 қазанда оқушылар арасында байқау басталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.