jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан қалаларының бірінде барлық мектеп қашықтан оқуға көшті

    Оқушы
    Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Қостанай қаласында тұмаудың өршуіне байланысты барлық мектеп онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

    Сондай-ақ Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай аудандарындағы 10 білім нысаны толық қашықтан оқытып жатыр. Апта соңына дейін эпидахуал тұрақтанбаса, балаларға мектепке келуге шектеу қою жалғасады.

    Өңірде соңғы аптада барлығы 10 мыңнан аса вирустық инфекция дерегі тіркелген. Көрсеткіш шамамен екі есе өсіп отыр. Сырқаттанушылардың 60 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.

    "Қостанайда барлық мектеп 28 қараша жұмаға дейін қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Оның әрі қарай ұзартылуы немесе балалардың мектепке оралуы сол күнгі жағдайға байланысты болмақ. Онлайн оқуда жекелеген сыныптар қалдырылуы мүмкін. Ал аудандарда мектеп әкімшілігі өздері шешеді", - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Анна Лазарева.

    Қазақстан қалаларының бірінде барлық мектеп қашықтан оқуға көшті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.