jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда мұғалімдердің өз шәкірттеріне репетитор болуына шектеу қойылуы мүмкін

    Ұстаз
    Ұстаз. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға өз шәкіртіне қосымша репетитор болып, ақша табуға шектеу қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    "Осы балаға сабақ бергені үшін өзі айлық алып отыр ғой. Менің ойымша, бұл этикалық та мәселе. Шектеу мәселесін біз бәрібір талқылаймыз. Мемлекет осы балаға өзі қаражат бөліп жатыр. Сол балаға сапалы білім беру бүгінгі мұғалімнің, шынын айту керек, қаржысы төленген миссиясы. Осы мәселені мұғалімдер шектеуге жетикізбей-ақ түсінеді деп ойлаймын", - дейді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

    Үкімет басшысы оқушыларды қорғауға байланысты жаңа шараларды қолға алуды тапсырды. Әсіресе қылмысқа тарту және кибербуллинг мәселесіне ерекше көңіл бөліну керек.

    "Қоғам мен әлеуметтік желілердегі кез келген дабылдарға дер кезінде жауап беру керек. Балалардың цифрлық қауіпсіздігі ерекше назар аударуды талап етеді. Оқу-ағарту, Ішкі істер және Ақпарат министрліктері балаларды интернет-алаяқтықтан, буллингтен, құқыққа қайшы контенттен және өзге де деструктивті әсерден қорғау бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуі қажет", - дейді премьер-министр Олжас Бектенов.

    Одан бөлек, жазғы демалыс орындарын жабдықтау мен ондағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету керек. Оны бақылайтын республикалық штаб құрылды.

    Қазақстанда мұғалімдердің өз шәкірттеріне репетитор болуына шектеу қойылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.