jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі (фото)

    : UGC

    "Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі – Алтай жазы тау еркесі – киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің шатқалында сайран етіп жатқаны.

    Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген, сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, адам дәл қазір хор қызын құшқандай боп беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады, жел жетпеске мініп алып Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны" деп Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек" романында суреттеген Марқакөліңіз – осы.

    Назарларыңызға журналист Азамат Қасымның Мyprofession.kz сайты үшін дайындаған фоторепортажын ұсынамыз.

    Жақында осы жұмақ мекенге тағы да жол түсті. Тағы да деп отырғаным – Марқакөлге жыл сайын барамын. "Бал татыған айна сулы" көліне түспесек те, "өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің шатқалында сайран етіп" қайтамыз. Марқакөлге барсаң жаның барақат, көңілің берекет табады.

    Бір ғана түйткіл – Марқакөлге дейінгі жолдың нашарлығы. "Сол жолдың нашарлығының арқасында ғана тамылжыған табиғатымыз сақталып тұр" дейді жергілікті жұрт. Осы мәселе шешімін тапса, туризмді дамытуға нағыз сұранып-ақ тұрған мекен.

    Марқакөлге жол түскен соң туып тұрған тамаша мүмкіндікті жіберемейік деп суретке тарта беріппіз. Нәтижесі – көз алдарыңызда. Ендеше, жер жәннаты Марқакөлдің әсем келбетіне көз сала отырыңыз, ағайын!

    Өзге әуесқой фотографтардың да түсірген ғажап суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

    Суреттердің авторы: Азамат Қасым, Таймас Нұртаев, Вячеслав Андреянов, Юрий Литвинов, Дмитрий Будков.

    Материалдың толық нұсқасын Мyprofession.kz сайтынан таба аласыздар.

    Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.