jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қара нанның кімдерге зиян екендігі белгілі болды

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Диетолог Майкл Мосли қара нанның кейбір түрлері қандағы қант деңгейін көтеріп жіберетіндіктен, оны таңдағанда сақ болуға кеңес берді деп жазады Известия басылымы.

    Майкл Мосли әдетте екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастарға ақ нанның орнына қара нан ұсынылатынын еске түсірді.

    Оның сөзінше, дүкенде сатылатын қара нанның көптеген түрінде оның дәмін жақсартатын және қандағы қант мөлшерін арттыратын түрлі қоспалар бар.

    Маман қант диабетімен ауыратын адамдар үшін нанды емес, тұтас дәнді дақылдар - қара бидай, арпа, қоңыр күріш, қарақұмық, сонымен қатар бұршақ дақылдарын жеген әлдеқайда пайдалы екенін сөз етті.

    Бұл тағамдарда қанттың тез ауытқуын тежейтін күрделі көмірсулар және ішек микрофлорасын демейтін жасұнықтар бар, дейді Майкл Мосли.

    Одан бөлек, диетолог тәттілерді, торттарды, жеміс шырындарын және газдалған сусындарды тұтынуды барынша азайтқан жөн екенін ескертті.

    Ғалым аш қарынға жұмыртқа жеуді әдетке айналдыру қант диабетіне дейінгі немесе екінші типті қант диабетімен ауыратын адамдардың қанындағы глюкоза деңгейін жақсартуы мүмкін екенін анықтады.   

    Айта кетейік, екінші типті қант диабеті – инсулиннің тіндік жасушалармен өзара әрекеттесуі бұзылған жағдайда пайда болатын созылмалы метаболизм ауруы. Қант диабетінің бұл түрімен ауыратындардың басым көпшілігі артық салмақтан зардап шегеді.

    Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.

    Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.

    Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.

    Қара нанның кімдерге зиян екендігі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.