jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Таңғы астан бас тартудың қандай ауруларға әкелетіні белгілі болды

    таңғы ас
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ашығу бірнеше қауіпті ауруды туындатуы мүмкін деген қорытындыға келген деп хабарлайды 360 tv.ru аспан асты елінің басылымына сілтеме жасап.

    Қытай ғалымдарының сөзінше, күнделікті үш уақыт тамақтанатын ер адамдардан қарағанда таңғы асын ішпейтіндердің диабетке шалдығу қаупі 25 пайызға жоғары болады.

    Диабеттің дамуына түрткі болатын басқа да факторларды ескермейтін болсақ, таңғы астан бас тарту аурудың даму қаупін 16 пайызға арттырады екен.

    Сонымен қатар, таңертең аш жүретін адамдар артық салмақты тез жинап алуы ықтимал.

    Зерттеу барысында аптасына үш рет таңғы асын ішпеген адамдардың орташа салмағы екі келіге артатыны анықталған.

    Аспан асты елінің зерттеушілері балалардың таңғы асын ішпеуі өте қауіпті екенін ескертті.

    Олардың мәліметінше, балалардың таңғы астан бас тартуы ми қызметінің дамуына кері әсер етіп, когнитивтік қабілеттің едәуір төмендеуіне әкеліп соғады.

    Таңғы асты тұрақты түрде ішпеу салдарынан өт қабына тас байланады, ишемияның, онкологиялық аурулардың, деменцияның пайда болуына септеседі, дейді ғалымдар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.