jitsu gif
Тағам

    "Спорттық жаттығулардың нәтижесін жақсартады": Диетологтар сұлының пайдасы жайлы айтты

    Сұлы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    АҚШ-тың диетолог-дәрігерлері сұлының пайдасы туралы айтты. Мамандардың пікірінше, сұлы спорттық жаттығулардың нәтижесін жақсартып, жүрек пен ас қорыту жолдарының саулығын арттыруға және иммундық жүйеге оң әсер етуге қауқарлы, деп хабарлайды Lenta.ru.

    Диетолог Джей Ковиннің пікірінше, сұлы зат алмасу процесін жылдамдатады.

    "Егер жаттығудан кейін бір сағат ішінде бір порция сұлы жесе, бұл жаттығудың тиімділігін арттырады", - дейді ол.

    Ал диетолог Теджал Паткахтың айтуынша, сұлы ботқасының құрамындағы бета-глюкандар жүрек жұмысы мен қандағы қант мөлшеріне оң әсерін тигізеді.

    Өз кезегінде, нутрициолог-дәрігер Лиза Ричардс сұлының құрамындағы талшық ішек жұмысын жақсартатынын айтады.

    Диетолог Триста Бесттің сөзінше, ішектің саулығы - мықты иммундық жүйенің негізі. Яғни, сұлы талшықтары иммундық жүйені нығайтып, ағзадағы созылмалы аурулар мен қабынудың алдын алуға көмектесетін пайдалы ішек бактерияларын нәрлендіреді.

    "Спорттық жаттығулардың нәтижесін жақсартады": Диетологтар сұлының пайдасы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.