jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ғалымдар миға ең пайдалы өнімді атады

    Мүкжидек
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ғалымдар мүкжидекті үнемі тұтыну миды тонуста ұстауға көмектесетінін анықтады. Бұндай қорытынды Frontiers in Nutrition журналында жарияланған зерттеуде жасалған, деп хабарлайды РИА Новости.

    Тәжірибе аясында зерттеушілер 12 апта бойы 50 жастан 80 жасқа дейінгі 60 адамнан тұратын топты бақылаған. Олардың рационына мұздатылған мүкжидек қосылды.

    Нәтижесінде ғалымдар мүкжидек есте сақтау қабілеті мен ми қызметін жақсартуға көмектеседі деген қорытындыға келген.

    Зерттеу авторы, Шығыс Англия университетінің нутрициологы Дэвид Мазур зерттеу нәтижесі көп үміт күттіретінін, алайда мүкжидектің ағзаны ауыр неврологиялық аурулардан қорғауға көмектесетін-көмектеспейтіні әлі белгісіз екенін атап өтті.

    "Зерттеу нәтижесі қысқа уақыт ішінде мүкжидек есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысын едәуір жақсарта алатындығын көрсетті.

    Алайда бұл әсер нейродегенеративті аурулары бар адамдарға әсер ете ме, жоқ па, соны әзірге анықтай алмадық", — дейді Мазур.

    Бұған қарамастан, мамандар тамақтану рационына мүкжидекпен қатар басқа да жидектерді, жаңғақтар мен асжапырақты қосуға кеңес береді.

    Ғалымдар миға ең пайдалы өнімді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.