jitsu gif
Тағам

    Терапевт В1 дәруменінің жетіспеушілігінен денсаулыққа қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

    дәрумен
    Дәрумен. Көрнекі фото: pixabay.com

    В1 дәруменінің жетіспеушілігі адамда созылмалы шаршау, ас қорыту және жүйке жүйесінің бұзылуын тудыруы мүмкін. Бұл туралы терапевт, иммунолог Людмила Лапа "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Маманның сөзінше, В1 дәруменінің жетіспеушілігі ең алдымен зат алмасу мен ас қорыту жүйесіне кері әсер етеді.

    "Тиамин тапшылығынан асқазан-ішек жолдары ауырып, адамның жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Бұл әдетте диета ұстанатын және тамақтану кезінде баланас ұстамайтын адамдарда кездеседі", - дейді Людмила Лапа.

    Сондай-ақ терапевтің сөзінше, В1 дәруменінің жетіспеушілігі адамның жүйке жүйесі мен эмоционалдық жағдайына да кері әсер етеді:

    "Тиамин адамның ақыл-ой қабілетін арттыруға көмектеседі. Оның жетіспеушілігінен созылмалы шаршау, ұмытшақтық, көңіл-күйдің кенеттен өзгеруі пайда болуы мүмкін.

    В1 дәрумені жарма мен жаңғақтарда көп мөлшерде кездеседі. Бұл дәруменнің жетіспеушілігін осы өнімдерді күнделікті тамақтануға енгізу арқылы толтыруға болады", — дейді Людмила Лапа.

    Терапевт В1 дәруменінің жетіспеушілігінен денсаулыққа қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.