jitsu gif
Тағам

    Дәрігер-диетолог депрессияны болдырмауға көмектесетін өнімдерді атады

    Смайликтер
    Смайликтер. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Дәрігер-диетолог, нутрициолог Инна Кононенко ағзада валин аминқышқылының жетіспеушілігі депрессияға әкелетінін айтты. Дәрігер оның ағзадағы қажетті қорын қандай өнімдермен толтыруға болатынына кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Москва 24" телеарнасына сілтеме жасап.

    Валин бұлшықеттердегі, сондай-ақ ми мен жұлындағы зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді және серотониннің (бақыт гормоны) қажетті деңгейін сақтайды. Сондай-ақ бұл аминқышқыл дененің ауырсынуға сезімталдығын төмендетуге көмектеседі.

    Валиннің жетіспеушілігі неврологиялық ауруларды тудырады. Сонымен қатар шаштың түсуіне, бұлшықеттің семуіне, артритке, ұйқының бұзылуына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына және иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі.

    Дәрігер-диетологтың айтуынша, ағзаның өзі валинді өндірмейді, сондықтан оны тағамнан алу керек.

    "Валин амин қышқылының ең көп мөлшері сиыр, қой, тауық етінде, балықта, кальмарда, жұмыртқада, сүт өнімдері мен ірімшіктерде, жасымықта, асбұршақта, жержаңғақта, үрмебұршақта, сояда, саңырауқұлақта, асқаба және күнжіт дәнінде, тұтас дәндерде, жүгері ұнында және теңіз қырыққабатында болады", – дейді Инна Кононенко.

    Сондай-ақ дәрігер-диетолог құрамында валин бар әр түрлі тағамдық қоспалар барын алайда, оларды тек дәрігердің кеңесімен қолданылу керектігін атап өтті.

    Дәрігер-диетолог депрессияны болдырмауға көмектесетін өнімдерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.