jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ғалымдар түрлі түске боялатын шоколадты ойлап шығарды

    : UGC

    Басы қосылған үш ғалым шоколад туралы сөз қозғап, оның түсіне аса назар аудара бастады. Олар көптің сүйікті тәттісінің сырт келбетін өзгертпек болып тәжірибе жасады. О баста әзілге құралған тәжірибе ғалымдардың жаңа табыс көзіне айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

    Ғалымдар түрлі түске боялатын шоколадты ойлап шығарды
    Фото: 120.su: UGC

    Тағамды зерттеумен айналысатын Патрик Рюс, материалтанушы Этьен Жоффруа және Хеннинг Галински есімді физик қарапайым қара және ақ шоколадты түрлендіріп, кемпірқосақ секілді түрлі-түске бояуға болмас па екен деген ойға келді.

    Осылайша Швейцария университетінің қызметкерлері бос уақытта шоколад кесектерін түрлі түске бояп, әзіл ретінде тәжірибе жасауды бастады.

    Әрине, о баста олардың жұмысы сәтсіз шықты. Мәселен, алғашқы кездер сарапшылар шоколадтың үстін жеуге келетін алтынмен және титан оксидімен бояған. Алайда өкінішке қарай, жылтылдаған шоколадтың өзі тым күрделі және қолайлы емес еді.

    Дәл сол кезде Патрик, Этьен және Хеннингке материалист Анита Зинг қосылып, ғалымдар біріге отырып мүлдем басқа техниканы ойлап тапты. Олар тәттінің сыртын бояудан бас тартып, шоколад бетінің құрылымын өзгертті, бұл көп түсті жылтылдау әсерін берді.

    Ерекше шоколадты ойлап табушылар тобы өз туындыларына патент алуға дайындалып жатқаны және бірнеше ірі кондитерлік фирмалармен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі.

    Жақында бүкіл әлемдегі тұтынушылар да осындай ерекше шоколадтан дәм татуға мүмкіндік алады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең бағалы тағамдардың тізімін жариялаған болатынбыз.

    Ғалымдар түрлі түске боялатын шоколадты ойлап шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.