Бұлғар ханын тәнті еткен: татар халқының ұлттық тағамы чак-чакты әзірлеудің ең оңай әдісі
Жарияланған күні:

Чак-чак - дәстүрлі шығыс десерті. Балдың хош иісі аңқитын мұндай тәтті дәм ерекше қонақ дастарқанына ұсынылады. Ал сіз мерекені күтпей-ақ, біздің рет-ретімен көрсеткен рецепт бойынша үйіңізде дайындап көріңіз.
Хош иісті әрі дәмі тіл үйіретін татар халқының чак-чак тағамының әдемі тарихы бар. Аңыздарда Бұлғар ханының жалғыз ұлын үйлендірмек болғаны айтылады. Хан дастарқанда қонақтарды керемет дәмімен әрі оңай дайындалуымен таң қалдыратын тәтті тағам тұрғанын қалаған екен.
Бірнеше астың дәмін татып көрген хан бақташының әйелі әзірлеген ұн, жұмыртқа және бал қосылған тағамға тоқталады. Ерекше тіскебасар билеушіге қатты ұнайды. Ол бұл тағамды жас жұбайларға сыйлап, олардың өмір жолы балмен біріккен чак-чак бөліктеріндей берік болсын деген тілегін білдіреді. Содан бері татар тойларында жас жұбайларға тәтті чак-чак ұсынылып келеді.
Сипаттамасы
Асханасы: Татар асханасы
Санаты: Десерт
Дайындалу уақыты: 5 минут
Пісетін уақыты: 45 минут
Мөлшерлік калориясы: 363 ккал
Ингредиенттер
- Тауық жұмыртқасы - 2 дана.
- Қант - 70 г.
- Жоғары сорттық бидай ұны - 300 г.
- Бал - 140 г.
- Күнбағыс майы - 600 мл.
- Тұз - дәміне қарай.
- 82,5 % сары май.
Дайындалуы
1. Сары майды ерітіңіз

Түбі қалың табаға май құйып, баяу отқа қойыңыз. Сары майды араластыра отырып ерітіп алыңыз. Майды қайнатуға болмайды. Бетінде көбік пайда болғаннан кейін оны оттан алған жөн. Сары майды бөлме температурасына дейін суыту керек.
2. Жұмыртқаны қант және тұзбен араластырыңыз

Шұңғыл ыдысқа 2 жұмыртқаны жарып салыңыз. Жұмыртқаның ағы мен сарысын біркелкі болғанша араластырыңыз. Тұз қосқан соң қайтадан араластыру керек. Оның үстіне 2 ас қасық қант салып, түйіршіктері әбден ерігенше араластырыңыз.
3. Май және ұн қосыңыз

Қамырға суыған сары майды қосыңыз. 250 г ұнды елеуіштен өткізіп салыңыз, қалғанын қамыр жайған кезде себу үшін қалдырыңыз. Дайындап жатқан қоспа қажетті ұнды сіңіргенше қасықпен илеңіз. Содан кейін тағы 2 ас қасық ұн салып, қолмен илеңіз.
4. Қамыр илеңіз

Үстел бетіне ұнның қалған бөлігін себіңіз де, қамырды біркелкі болғанша шамамен 10 минут илеңіз. Дайын қамырдың бетін жауып, бірнеше минут қойыңыз. Содан кейін оны тең қылып екі бөлікке бөліп, ыдыстың бетін қайтадан жауып, 10 минутқа қалдырыңыз.
5. Қамырды жайыңыз және кесіңіз

Қамырдың әр бөлігін қалыңдығы шамамен 5 мм болатындай етіп жайыңыз. Жайылған қабаттың әрбір бөлігіне ұн себіңіз және ені 3 см болатын жолақ тәрізді кесіңіз. Содан кейін әр жолақты ұзыншалап тураңыз. Кесілген қамырды үстел бетіне қойып, бір-біріне жабысып қалмас үшін ұн себіңіз.
6. Туралған қамырды қуырыңыз

Қазанға иіссіз күнбағыс майын құйып, қыздырып алыңыз. Кесілген қамырдан артық ұнды алып тастау үшін сүзгіні пайдаланыңыз. Әйтпесе, қуыру кезінде май қатты қызып, көбіктеніп кетеді. Одан кейін салатын туралған қамырларды әбден қызған майға алтын түсті болғанша қуырыңыз. Қуырылған қамырды сүзекімен алыңыз.
7. Бал дәмдеуішін дайындаңыз

Табаға салынған балды тоқтаусыз араластыра отырып, баяу отта қыздырыңыз. Бал сұйық болуы керек. Содан кейін қанттың қалған бөлігін қосыңыз. Қоспаны араластырыңыз және қайнату арқылы тағы да былғаңыз. Шәрбат қайнағаннан кейін оны оттан алыңыз. Қоспаның көтеріліп, көбік пайда болған сәтін күтіңіз.
8. Тағамға шәрбат құйыңыз

Дайын бал шәрбатын қуырылған қамырға құйыңыз. Бал мен қант қатып қалмас үшін қамырды шәрбатпен жақсылап араластырыңыз. Тағамның барлық бөлігінің шәрбатқа біркелкі малынғанын қарап шығыңыз.
9. Чак-чак пішінін жасаңыз

Шұңғылдау табаққа балға малынған тағамды салыңыз. Қолды сулап алып, дайын чак-чакты жарты шар пішініне келтіріп жасаңыз.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2020333-bulgar-xandy-tanti-etken-tatar-xalqynyn-ulttyq-tagamy-cak-cakty-azirleudin-en-onai-adisi/