jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Дәмі тіл үйірер шоколадты кремді қалай жасауға болады

    Шоколадты кремі бар торт. Көрнекі сурет
    Шоколадты кремі бар торт. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Торттың әдемі декоры үшін шоколадты жиі пайдаланылады. Ондай крем өзінің қалпын жақсы сақтауға тиіс. Қажетті нәтижеге жету үшін, кремді төмендегі рецепт бойынша дайындап көріңіз.

    Орта ғасырлардан бері қайнатпалы кремдер елге танымал бола бастады. Шоколадты кремді дайындау үшін қолданылатын какао ұнтағы XIX ғасырдың басында пайда болды. Ол - голланд химигі Конрада Иоханнеса ван Гутеннің алғаш рет какао бұршақтарынан майды сығып алу құрылғысын ойлап шығаруымен тікелей байланысты. Қайнатпалы кремнің ерекшелігі, оның қаймақ пен какаодан жасалынып, негізі қос құрамдылығында. Кремнің негізгі құрамы қаймақ, қант, какао ұнтағын еріту арқылы алынса, ал оның қоюлығы май қосылуы арқылы жасалынады. Оған қосымша хош иіс беру үшін ликер, коньяк т.б пайдаланылады.

    Сипаттамасы:

    Асхана: Еуропалық

    Санаты: Десерт

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайындау уақыты: 30 минут

    Калориясы: 1 порцияға 178 ккал

    Құрамы:

    20% қаймақ – 400 гр

    Қант – 160 гр

    Какао ұнтағы – 50 гр

    Коньяк – 1 ас қасық

    82.5% май – 250 гр

    Дайындалуы:

    1. Қаймақ пен қантты араластырыңыз

    Кремді әзірлеу үшін суытылған қаймақты қолданыңыз. Өнімнің майлылығы кем дегенде 20% болуы тиіс. Қаймаққа қантты косып, бірыңғай масса болғанша араластырыңыз. Кремнің тәттілігін дәміне қарай көбейтуге болады.

    Қаймақ пен қантты араластыру. Скриншот
    Қаймақ пен қантты араластыру. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    2. Какао қосыңыз

    Қаймақты массаға какаоны себіңіз. Какаоны електен өткізген дұрыс, сонда массаны араластыру оңайырақ болады. Кремнің дәмі ерекше шоколадты болуы үшін какаоның табиғи, майлы түрін қолданыңыз.

    Какао қосу. Скриншот
    Какао қосу. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    3. Кремді қайнатып алыңыз

    Түбі қалың ыдысқа кремді салып, баяу отта, үздіксіз араластырып тұрып қайнатып алыңыз. Қайнаған массаны 2 минуттай өте баяу отта ұстаңыз. Крем ыстық күйінде, оған 1 ас қасық коньяк қосып, хош иістендіріп алыңыз.

    Кремді қайнату. Скриншот
    Кремді қайнату. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    4. Кремді суыту

    Массаңызды басқа ыдысқа құйып, бетін асханалық пленкамен жабыңыз. Пленкаңыз кремге тиіп тұрса, кремнің бетінде қатқан қабық пайда болмайды. Кремді бөлме температурасындай етіп суытып алыңыз.

    Кремді суытып алу. Скриншот
    Кремді суытып алу. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    5. Кремнің негізін дайындау

    Суыған уақытта крем қайнатылған тәтті сүт сияқты қою массаға айналады. Массаңызды орташа жылдамдықпен 5 минуттай миксерлеп алыңыз. Миксерлеген соң кремнің көлемі 2 есеге дейін ұлғаюы тиіс.

    Кремнің негізін дайындау. Скриншот
    Кремнің негізін дайындау. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    6. Майды араластырыңыз

    Майды алдын-ала тоңазытқыштан шығарып, бөлме температурасында жібітіп алыңыз. Жұмсарған майды миксермен жақсылап араластырып алыңыз. Май бірыңғай массаға жеткенше баяу жылдамдықпен, кейін қатты жылдамдықта араластыру қажет. Майдың барынша сапалысын, майлылығы кемінде 82.5 % болатын түрін қолданыңыз. Ол кремге ерекше дәм беріп, қалпын сақтауға септігін тигізеді.

    Майды араластыру. Скриншот
    Майды араластыру. Скриншот: YouTube/ Торттар және Кулинария Cakes & Cooking

    7. Маймен қайнатпалы массаны араластыру

    Араластырылған майды аз-аздап кремге қосыңыз. Массаны араластырып тұрыңыз. Кремнің қос құрамы жақсылап араласуы шарт. Массаны тым көп араластырып, сұйық болып кетпеуін қадағалаңыз. Дайын крем өте нәзік, біркелкі, қалпын жақсы сақтайтын болып шығады. Бұл кремді торттың бетін жабуға немесе декор үшінде пайдалануға болады.

    Дәмі тіл үйірер шоколадты кремді қалай жасауға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.