Тағам

Зектілері

Тауық етінен әзірленетін бешбармақ: жасалу жолы

Жарияланған күні:

Тауық етінен бешбармақ. Скриншот
Тауық етінен бешбармақ. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

Сыйлы қонақтарға әдетте дәстүрлі түрде ұлттық тағамымыз - бешбармақ ұсынамыз. Тауық етінен жасалып, оның сорпасына жұқа қамыр пісіріліген тағам өте дәмді әрі тойымды болады. Тексерілген рецепт бойынша сіз де жасап көріңіз.

Орта Азия бойынша бешбармақ кеңінен танымал тағамдардың бірі. Ұлттық тағамның атауы қырғыздың "беш", "бармақ" сөздерінің бірігуінен жасалып, тағамның ерекшелігі - қолмен желінуінде деп көпшілікке танымал. Дәстүрлі бешбармақ жылқы немесе қой етінен әзірленеді. Алайда бүгінде тауық етінен жасалатын түрі де танымал. Тауық етінен дайындалған бешбармақта өте дәмді болып шығады.

Сипаттамасы:

Асхана: Қазақ

Санаты: Негізгі тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайындау уақыты: 20 минут

Калориясы: 291 ккал

Құрамы:

Жұмыртқа - 1 дана

Бидай ұны – 300 гр

Тауық – 1 дана

Тұз – дәміне қарай

Қара бұрыш - қалауыңызша

Cу – 2 л

Дайындалуы:

1. Тауықты қайнатып алыңыз

Тауықты салқын суда жуып алып, салфеткамен құрғатып алыңыз. Артық майын алып тастаңыз. Тауық тушасын толықтай ыдысқа салып, үстінен су құйыңыз. Суды қайнатып алып, дәміне қарай тұз салыңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, тауық еті піскенше күтіңіз. Тауық етінің пісу уақыты шамамен 1 сағаттай алады.

Тауық етінен бешбармақ. Скриншот
Тауық етінен бешбармақ. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

2. Қамырдың сұйық негізін дайындау

Қамыр созылмалы болуы үшін салқын су қолданыңыз. Бір стақан суға 1 жұмыртқаны жарып салып, 0.5 қасық тұз қосыңыз. Сұйықтықты біркелкі масса болғанша араластырып, тұзының езілуіне назар аударыңыз.

Қамырдың сұйық негізі. Скриншот
Қамырдың сұйық негізі. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

3. Қамырын илеу

Ыдысқа ұнды електен өткізіп дайындаймыз. Ортасын тереңдетіп, оған жасалған сұйықтығымызды құямыз. Қамырды қаттылау етіп илеп, шар формасына келтіріп, 30 минутқа қалдырыңыз. Бұл уақыт ішінде қамыр жұмсарып, жаюға ыңғайлы болады.

Иленген қамыр. Скриншот
Иленген қамыр. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

4. Қамырды жаю

Қамырыңызды тең төрт бөлікке бөліңіз. Артынша әрбір бөлікті тағы да илеп, 2 мм қалыңдыққа дейін жұқалап жайып аламыз. Әрбір жайманы шаршылап тағы да бөліп қойыңыз.

5. Cарымсақты дайындау

Сарымсақты тазалап, жұқа дөңгелек формасында тураңыз. Ыдысқа салып, үстінен бұрыш себеміз. Сарымсаққа тауық сорпасын құйып, қақпағын жауып, біраз уақытқа бұқтырып алыңыз.

Бешбармақ тұздығы. Скриншот
Бешбармақ тұздығы. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

6. Қамырды пісіріп алыңыз

Піскен тауық етін сорпадан алып тастаймыз. Сорпаны қаты отқа қойып, қайнағанын күтеміз. Сорпа қайнаған сәтте оған жайманы салып, тағы да қайнауын күтеміз. Қамырыңыздың жабысып қалмауын қадағалап, үнемі араластырып тұрыңыз.

Піскен қамыр. Скриншот
Піскен қамыр. Скриншот: YouTube/Дастархан — вкусные рецепты

7. Қамырды табаққа салу

Сорпа екінші рет қайнаған сәтте қамырды алып тастауға болады. Қамырды сорпадан алып, сарымсақтан дайындаған тұздығыңызды бетінен құйып, араластырып қойыңыз. Сонда, піскен жаймаңыз бір-біріне жабысып қалмайды.

8. Тауықты турау

Піскен тауықты бөліктерге бөліп, қамырдың үстінен салыңыз. Еттің үстінен тұздық құйыңыз. Етпен бірге еттің сорпасын да бірге ұсынуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2024044-tauyq-etinen-azirlenetin-besbarmaq-zasalu-zoly/