jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сагира Уалиева
    Сагира Уалиева
    Бұрынғы қызметкер

    Мультипісіргіште дайындалған нан: үйде пісіруге болатын жұмсақ нанның рецебі

    Жұмсақ нан
    Дастарқандағы жұмсақ нан. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Мультипісіргіш кез келген тағамды дәмді етіп дайындауға болатын әмбебап пеш. Мұндай пеште іші жұмсақ, сырты қытырлап тұратын нанды пісіру де оңай. Иісі бұрқыраған нан әр дастарқанның сәнін келтіреді.

    Нанның тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды: ежелгі адамдар нанды таспен үгітілген жабайы бидай дәніне су қосып пісірген. Ашытқы қосылған нан алғаш рет Ежелгі Египетте жасалған деген дерек бар. Ежелгі грек жазушысы Афинейдің ІІ-ІІІ ғасырлардағы жазбаларында шелпек, балды нан, көкнәр себілген бөлке нандар жайлы мәліметтер жазылған. Бүгінгі күні нан өнімдері түрлі тәсілмен пісіріледі, соның ішінде мультипісіргіште де ашытқы қосылған нанды пісіруге болады.

    Сипаттамасы

    Асханасы: Еуропалық

    Санаты: Тіскебасар

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Пісірілетін уақыты: 20 минут

    Мөлшерлік калориясы: 209 ккал

    Ингредиенттер

    Қант - 1 ас қасық.

    Жоғары сорттық бидай ұны - 800 г.

    Күнбағыс майы - 4 ас қасық.

    Күнжіт - дәміне қарай.

    Ашытқы - 15 г.

    Тұз - 1 шай қасық.

    Су - 500 мл.

    Дайындалуы

    1. Ашытқы қамыр дайындаңыз

    Ашытқы қамыр
    Қамыр ашытқысын дайындау сәті. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    Суды 28-30 ° C температурасына дейін қыздырып, қамыр ашытқысын араластыруға арналған ыдысқа құйыңыз. Жылы суға тұз, қант және ұсақталған ашытқы қосыңыз. Егер үйде ондай ашытқы болмаса, орнына 1 шай қасық құрғақ ашытқыны қосыңыз. Ингредиенттерді араластырыңыз.

    2. Ұн және май қосыңыз

    Ашытқы дайындау
    Дайын болған ашытқы. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    Ақ нан пісіру үшін жоғары сұрыптағы бидай ұнын таңдаңыз. Ұнды артық қоспалардан тазартып, оттегімен байыту үшін оны алдын-ала елеуіштен өткізіп алыңыз. Ашытқы қамырға 2 ас қасық ұн, күнбағыс майын қосыңыз. Қамырды былғауышпен жақсылап араластырыңыз, бетін пленкамен жауып, 15-20 минут жылы жерге қойыңыз. Осы уақыт ішінде ашытқы көтеріліп, бетінде көбік пайда болады.

    3. Қамыр илеңіз

    Қамыр илеу
    Қамыр илеу сәті. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    Дайын ашытқыны ас қасықпен біртіндеп ұнға қосыңыз, қамырды жақсылап илеңіз. Осылайша қамыр біркелкі болып шығады. Қамыр өте қалың болса, үстелдің бетіне ұн себіңіз де, қамырды серпімді болғанша қолмен илеңіз. Қамырдан шар пішінін жасаңыз.

    4. Мультипісіргішті дайындаңыз

    Мультпісіргішті дайындау
    Мультипісіргішті алдын-ала қыздыру. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    Нан жақсы көтеріліп, біркелкі пісу үшін мультпісіргішті дайындап алыңыз. Алдымен мультипісіргішті 15 минут "Қыздыру" режиміне қойыңыз. Пеш қызғаннан кейін ішіндегі қызу қалыпты тұру үшін "Температураны ұстап тұру" режимін қосыңыз.

    5. Қамырды толықсытыңыз

    Қамырды толықсыту
    Мультипісіргіш табасына салынған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    Мультипісіргіш ыдысын аспаздық щетка арқылы өсімдік майымен майлап, оған иленген қамырды салыңыз. Мультипісіргіштің тостағанын ішіне салып, "Температураны ұстап тұру" режимінде 40 минутқа қойыңыз. Осы уақытта қамырдың көлемі жақсы көтеріледі.

    6. Нанды пісіріңіз

    Піскен нан
    Пештен алынған ыстық нан. Көрнекі сурет: YouTube / СМАЧНИЙ РЕЦЕПТ

    40 минуттан кейін мультипісіргіш қақпағын ашып, қажет болса, зығыр немесе күнжіт себіңіз. Мультипісіргішті қайтадан жауып, "Пісіру" режимі бойынша 50 минутқа қойыңыз. Уақыты аяқталған кезде нанды абайлап алып, екінші жағына төңкеріңіз де, қайтадан мультипісіргішке салып, тағы 40 минуттай пісіріңіз. Дайын болған нанды ағаш таяқшамен тексеріңіз. Піскен нанды бөлме температурасында суытып, дастарқанға турап қойыңыз.

    Мультипісіргіште дайындалған нан: үйде пісіруге болатын жұмсақ нанның рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.