Тосап қосылған "рогалик" дайындаудың ең оңай рецепті
Жарияланған күні:

Рогаликтер – үй жағдайында жылдам әрі тез дайындалатын тәттілердің бірі. Рогаликтерге жеміс-жидек, тосап қосып дайындап жатады. Осыған орай, бүгін назарларыңызға балалардың сүйіп жейтін тәттісінің оңай әрі тез дайындалатын рецептін ұсынбақпыз.
Жартылай ай түріндегі алғашқы "рогаликтерді" вен аспаздары ойлап тапқан. XVIII ғасырда австриялық аспаздар Осман империясын жеңу оқиғасына орай, кішкентай, жартылай ай пішінд, ішінде тәтті салмасы бар тоқаш пісірген деген дерек бар. Тәттінің мұндай пішінде болуының да өз мағынасы бар – тарихта австриялықтардың туында дәл осындай жартылай ай суреті болған деседі. Бүгінде рогаликтер – интернационалды тағамға айналды. Оны дайындау үшін, ашытылған немесе үгітілмелі қамырды қолданады.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Десерт
Дайындық уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
1 порцияға арналған калория мөлшері: 415 ккал
Құрамы:
20% қаймақ – 200 г
Қант – 100 г
Жоғары сұрыпты бидай ұны - 500 г
Ас содасы – 4 г
Қалауыңызша тосап
Алма уксусы – 1 шай қасық
82,5% сары май
Дайындалуы:
1. Майды ерітіңіз

Жұмсақ сары майды кішігірім тіліктерге бөліңіз. Майды ыдысқа салып, оны баяу отта толығымен ерітіңіз. Сары майды майлылығы 75%-ды құрайтын маргаринмен де алмастыруға болады.
2. Қаймақ қосыңыз

Қаймақты тоңазытқыштан алдын ала алып қойыңыз, себебі ол бөлме температурасында болуы керек. Рогалик үшін майлылығы кем дегенде 15%-дық қаймақты пайдаланыңыз. Плитадан сары майы бар ыдысты алып, оған қаймақты қосыңыз.
3. Ас содасын қосыңыз

Содаға алма уксусын қосып, оны араластырып, қоспа бар ыдысқа қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Егер алма уксусы болмаса, оны 9%-дық кәдімгі уксуспен алмастыруға болады.
4. Ұнды қосыңыз

Ұнды електен өткізіп алыңыз, сонда қамырыңыз үлпілдек әрі жұмсақ болады. Ұнды аздаған мөлшермен, біртіндеп қосып, қамырын илеңіз. Дайын болған қою қамыр жұмсақ әрі созылмалы болып шығуы керек.
5. Қамырды жайыңыз

Қамырды илеп болған соң, оны 6 бірдей бөлікке бөліңіз. Ол үшін, үстелге ұнды сеуіп, әр бөлікті 2 мм қалыңдықта жайыңыз. Домалақ қамырды 8 бірдей бөлікке бөліңіз. Дәл осындай әдісті қамырдың басқа бөліктері үшін де пайдаланыңыз.
6. Рогаликке пішін беріңіз

Бөлінген әр үшбұрышқа 1 ас қасық повидло немесе қатты қою тосап салыңыз. Қамырдың жалпақ тұсынан жіңішке жағына қарай орап, рогалик дайындаңыз.
7. Рогаликті қантқа аударыңыз

Дайын рогаликті қантқа аударыңыз. Қант балғын қамырға тез жабысуы керек.
8. Рогаликті пісіріңіз
Противеньге пергамент қағазын төсеңіз. Дайын рогаликті соған орналастырыңыз. Противеньді 180°C-қа дейін қыздырылған пешке салыңыз. Тәттілер шамамен 20-25 минут ішінде дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2029428-tosap-qosylgan-rogalik-daiyndaudyn-en-onai-recepti/