jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Үй жағдайында жасалатын қарапайым бургердің рецептін білесіз бе

    Дәмді бургер. Көрнекі сурет
    Дәмді бургер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бургерді тез тамақтанатын орындарда ғана жеуге болады дегенді ұмытыңыз. Мұндай тағамды белгілі мейрамханалар мәзіріндегідей етіп өз асханаңызда дайындауға болады. Біз ұсынған рецепт бойынша үйіңізде дәмді бургер дайындап көріңіз.

    Бургердің 120-дан астам түрі болса да, олардың нақты қашан пайда болғаны туралы деректер жоқ. XIX ғасырдың соңында бұқаралық ақпарат құралдарында бургерлер туралы алғашқы жазбалар пайда болған. Неміс жазбаларында Гамбургте қуырылған шошқа етімен жасалған ең бірінші бутерброд жайлы кездеседі.

    Ал америкалық нұсқа бойынша бургер 1885 жылы сеймур жәрмеңкесінде, сэндвич пен котлет түрінде таратылған. Тағы бір танымал басылымда бургерді алғашқы болып Луи Лессинс ойлап шығарды делінген. Ол асығыс жолаушыға екі нанның ортасына котлет салып берген екен. Ал дәстүрлі бургер екі тоқаштың ортасына котлет, ірімшік, көкөністер мен салат жапырақтары салынып, соуспен дәмін келтірген тағам түрі ретінде белгілі.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америкалық

    Санаты: Басты тағам

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Дайындалу уақыты: 30 минут

    Бір порцияға қалориясы : 235 ккал

    Құрамы

    Сиыр етінен фарш – 500 гр

    Қызанақ – 1 дана

    Паприка – 2 гр

    Майонез – 120 гр

    Салатқа қосатын қызыл пияз – 1 дана

    Кетчуп – 60 гр

    Тұз – дәміне қарай

    Қара бұрыш – дәміне қарай

    Чеддер – дәміне қарай

    Салат жапырағы – 4 дана

    Бургерге арналған тоқаш – 4 дана

    Қыша – 30 гр

    Тұздалған қияр – дәміне қарай

    Дайындалуы

    1. Бургердің соусын дайындаңыз

    Майонез, кетчуп және қышаны араластырыңыз. Оған ұсақталған паприканы қосыңыз. Дәміне қарай тұздалған қиярды ұсақтап турап, соусқа қосыңыз. Барлығын бір массаға келгенше араластырыңыз.

    Бургердің соусын дайындау. Скриншот
    Бургердің соусын дайындау. Скриншот: YouTube/The Cooking Foodie

    2. Тоқаштарды табада қуырып алыңыз

    Тоқашты екі бөлікке тең бөліңіз. Құрғақ табаны қыздырып алыңыз. Оған тоқашты туралған жағымен қойып, қызарғанша қуырып алыңыз.

    3. Котлет жасаңыз

    Фарштың сапалы түрін пайдалануға тырысыңыз. Фарштың майлылығы 20%-дан аспағаны дұрыс. Әрқайсысын шамамен 125 гр болатындай етіп, етті теңдей 4 бөлікке бөліңіз. Алдымен әр бөлікті шар тәрізді домалатып, кейін котлет пішініне келтіріңіз. Оны арнайы форма арқылы немесе қолмен де жасауға болады.

    Котлет дайындау. Скриншот
    Котлет дайындау. Скриншот: YouTube/The Cooking Foodie

    4. Дәмдеуіштер қосыңыз

    Дайын котлет формасындағы еттің үстіне тұз, бұрыш себіңіз. Котлеттің екінші жағына да дәмдеуіштер қосыңыз.

    Дәмдеуіштер қосу. Скриншот
    Дәмдеуіштер қосу. Скриншот: YouTube/The Cooking Foodie

    5. Котлетті қуырып алу

    Табаға аздап май құйып, жақсылап қыздырып алыңыз. Котлетты табаға салып, екі жағын 3-5 минуттан қуырып алыңыз.

    Котлет қуыру. Скриншот
    Котлет қуыру. Скриншот: YouTube/The Cooking Foodie

    6. Ірімшік қосыңыз

    Сүйікті ірімшігіңізді таңдап алып, жұқалап тураңыз. Бургерге чеддер ірімшігі ерекше дәм береді. Ол хош иісті әрі жақсы ериді, ал жаңғақты қоспа сиыр етінің дәмімен жақсы үйлеседі. Ірімшікті табадағы ыстық котлеттің үстіне қойып, кішкене ерігенін күтіңіз.

    Cыр қосу. Скриншот
    Ірімшік қосу. Скриншот: YouTube/The Cooking Foodie

    7. Көкөністерді дайындаңыз

    Қызанақ пен тұздалған қиярды жұқалап тураңыз. Сарымсақты тазалап, дөңгелектеп тураймыз. Салат жапырақтарын тазалап жуып, қағаз майлыққа салып, артық суын сарқып аламыз.

    Көкөністерді дайындау. Скриншот
    Көкөністерді дайындау. Скриншот: YouTube/ The Cooking Foodiе

    8. Бургерді біріктіріңіз

    Тоқаштың екі жағына да соус жағыңыз. Бірінші тоқашқа салат жапырағын, қызанақ, тұздалған қияр мен сарымсақ саламыз. Үстіне ірімшік қосылған котлетті қоямыз. Бетін тоқаштың екінші жартысымен жапқан соң дастарқанға ұсынсаңыз болады.

    Үй жағдайында жасалатын қарапайым бургердің рецептін білесіз бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.