Құнарлы әрі тойымды: үй жағдайында ірімшікті қалай дайындауға болады
Жарияланған күні:

Қазақтың тәтті ірімшігі бар-жоғы үш түрлі өнімнен дайындалады. Дәмі тіл үйіретін ірімшікті балаларға кәмпиттің орнына беруге болады әрі шай ішуге де керемет тіскебасар болып саналады. Біз ұсынған рецепт арқылы үй жағдайында ірімшік дайындап көріңіз.
Көшпелі қазақ халқы ұзақ уақыт сақтауға болатын құнарлы әрі тойымды тағам пісіруді жақсы білген. Сондай өнімдердің бірі – ірімшік. Ерте кезеңдерде әр отбасында тәттілігі орташа ірімшік дайындалатын. Сонымен қатар қандай да бір мерекелерде дастарқанға ұсынылатын тағамның бірі - ірімшік болды. Дәстүр бойынша ірімшік қаймақпен бірге қойылады немесе ұлттық жент тағамына тәтті дәм беру үшін қолданылады. Тәтті ірімшікті дайындау процесін үнемі бақылап отыру қажет емес. Мұндай ұлттық тағам бүкіл отбасы үшін ерекше дәм болатыны сөзсіз.
Сипаттамасы
Асханасы: қазақ
Санаты: тіскебасар
Дайындау уақыты: 2 минут
Пісетін уақыты: 35 минут
Мөлшерлік калориясы: 980 ккал
Ингредиенттер
Қант - 50 г
Сүт - 1 л
3,2 % айран
Дайындалуы
Сүтті ысытыңыз

Сүтті тот баспайтын болаттан жасалған табаға құйып, үнемі араластыра отыру баяу отта ысытыңыз. Ірімшік үшін сақтау мерзімі 5 күннен аспайтын, майлылығы кемінде 5% болатын үй сүтін немесе сатып алынған пастерленген сүтті пайдаланыңыз.
Айран құйыңыз

Сүт қайнаған бойда табиғи үй айранын немесе сақтау мерзімі ұзақ емес дүкеннен сатып алынған қою айран қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, сүзбе бөлінгенше ысытыңыз.
Іркіттің бөлінгенін күтіңіз

Ұйыған сүтті араластыра отырып пісіріңіз. Сүзбе массасы сарысудан толығымен бөлініп, тұна бастағанда, араластырмаңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, баяу отта 3-4 сағат қайнатыңыз.
Қант қосыңыз

Сарысудың шамамен ⅔ бөлігі буланып, сүзбе массасы карамелденген лактозаның әсерінен ашық қоңыр түске айналғанда қант қосыңыз. Егер тәттіні ұнатсаңыз, сүтке 50-100 грамға дейін қант қосуға болады. Ал тәттіні ұнатпасаңыз, қантты мүлдем қоспаңыз немесе 40 г ғана салсаңыз жеткілікті. Қоспаны араластыру арқылы баяу отта шамамен 40 минут пісіріңіз.
Ірімшік дайындауды аяқтаңыз

Сүзбе массасын сүзекімен (мәнті пісіретін ыдыс, елеуіш) салып алып, сарысуы әбден сарқылғанша қоя тұрыңыз. Ірімшіктің суын әбден кетіру үшін бетін жалпақ табақпен жауып, үстіне су толтырылған бір литрлік банка қойыңыз. Ірімшікті осы қалыпта бірнеше сағатқа қалдырыңыз, содан кейін кесек пішінінде турап, дастарқанға қойсаңыз болады. Ірімшікті азық-түлікке арналған контейнерде немесе полиэтилен қалтасына салып, тоңазытқышта 3 айға дейін сақтай аласыз.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2038221-qunarly-ari-toiymdy-ui-zagdaiynda-irimsikti-qalai-daiyndauga-bolady/