Өзбек ханымын қалай дайындауға болады: ең дәмді рецепт
Жарияланған күні:

Мантыны алмастыратын бірден-бір тағам ханым болып саналады. Тағамды буда пісіру қажет. Оны орама сияқты орап, дөңгелетіп формаға салады. Дұрыс дайындалған ханым өте шырынды әрі нәзік дәмге ие болады.
Аңыз бойынша ханымды ең алғаш рет, күйеуі күтпеген жерден үйге келіп қалған әйел дайындаған. Кешкі тағамын тез дайындау үшін ол жайылған қамырдың үстінен қоспасын салып, орама сияқты орап, буға пісіріп алған.
Содан кейін тағам Орталық Азия елдерінде таралып, Қытайға дейін жетеді. Қытайда ханым "еріншек айдаһар" деген атқа ие болған. Тағамды дайындау өте оңай, оның қоспасын жай күндері асқабақтан, сәбізбен картоптан жасаса, ал демалыс күндері ет пен пияз қосып дайындайды. Картоппен еттен жасалған ханумның дәмі өте ерекще.
Сипаттамасы
Асхана: Өзбек
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 6 минут
Дайындалу уақыты: 19 минут
Бір порцияның калориясы: 400 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 1 дана
Сарымсақ – 4 тісше
Бидай ұны – 450 гр
Өсімдік майы – 8 ас қасық
Пияз – 300 гр
Картоп – 300 гр
Тұз – 20 гр
Қара бұрыш – 1 шай қасық
Су – 150 мл
Кориандр – 1 шай қасық
Зира – 1 шай қасық
Құйрық май – 130 гр
Сиыр еті – 400 гр
Дайындалуы
1. Қамырды дайындау
Таза әрі құрғақ ыдысқа 450 гр бидай ұнын електен өткізіңіз. Оған 150 мл жылы су құйып, 3 ас қасық өсімдік майын қосыңыз. 1 шай қасық тұз салып, үстінен тауық жұмыртқасын жарыңыз.

2. Қамырды илеу
Барлық ыдыстың ішіндегіні, әуелі қасықпен араластырып, кейін қолмен илеңіз. Қамыр бірқалыпқа келгенде, үстел үстіне қойып, тағы 8 минуттай илеңіз. Тығыз әрі иекемді қамыр шығуы керек. Дайын қамырды пакетке салып, 20 минуттай тындырып қойыңыз.

3. Етті турау
Аса майлы емес сиыр етін жұқалап тураймыз. Етті турамас бұрын оны 30-40 минут мұздатқышқа салып, суытып алсаңыз, жұқалап турау оңайрақ болады. Етті алдымен ұзыншалап, кейін кубик формасында тураймыз. Ал егер уақытыңыз тығыз болса, ет тартқыштың ірі пышағын салып, өткізіп алуға да болады.

4. Құйрық майды турау
130 гр шамасындағы құйрық майды, ұсақтап турап алыңыз. Сиыр етін турағандай көлемде тураса болады. Құйрық май болмаса, орнына сиыр майын немесе шошқа майын қолданса болады.

5. Пиязды турау
Пиязды алдымен тазалап алу керек. Қабығы қиын аршылса, суға салып, ұстай тұрсаңыз болады. Тазаланған пиязды кубик тәрізді етіп тураймыз.

6. Картопты турау
3 орташа көлемді картопты жуып, тазалап алыңыз. Тазаланған картопты 5-6 мм қалыңдықта, кубик формасында тураймыз. Картоп орнына кәді немесе асқабақты қолдануға болады.

7. Фаршты араластыру
Барлық туралған көкөністер мен етті бір ыдысқа салыңыз. Оған 1 шай қасық тұз, қара бұрыш, кориандр салыңыз. Зираны қолыңызбен ұсатып, фаршқа қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз.

8. Қамырды бөлу
Қамырды екі бөлікке бөліңіз. Бөліктерді жақсылап илеп, тағы 15 минутқа қалдырыңыз.
9. Ханымды пісіретін ыдысты дайындау
Мантоварканын қазанына су құйып, отқа қойыңыз. Ал табақтарына май жағып, дайындаймыз.

10. Қамырды жаю
Үстел үстіне ұн сеуіп, қамырды жаямыз. Қамырыңыз біркелкі, 1 мм қалыңдықта болуын қадағалаңыз.

11. Салмасын салу
Жайылған қамырға жақсылап май жағыңыз. Үстіне қоспаның тең жартысын салып, біркелкі етіп жайып шығамыз. Жайылған қамырдың шетінен 2 см бос орын қалдырыңыз.

12. Ханымды орау
Қоспа салынған қамырды орап, әр орамның бетіне май жағып отыруды ұмытпаңыз. Тығыз орама болып шығуын қадағалаңыз. Екінші қамырменде, дәл осылай қайталайсыз.

13. Тағамды табаға салу
Оралған ханумды ыңғайлы етіп алып, мантоварка табағына, сақина формасына келтіріп салыңыз. Ханум шеттерін бір-біріне қосып, жабыстырыңыз. Ораманың бетіне де май жағамыз.

14. Ханымды пісіру
Мантоварка табақтарын қазанға қойып, 45 минут пісіреміз. Пешті орташа отқа қойыңыз.

15. Ханымды безендіру
Дайын ханумды табақта тұрған қалпында бөліктерге кесіңіз. Арнайы қасықпен үлкен табаға, сақина формасында қойып шығыңыз. Ханумның бетіне сүйікті балғын шөптеріңізді турап салыңыз, ал ортасына томат соусын немесе сарымсақпен араласқан қаймақты қойыңыз. Ханумды ыстық күйінде дастарханға ұсыныңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2038407-ozbek-xanymyn-qalai-daiyndauga-bolady-en-damdi-recept/