Ет түйірлері қосылған ірімшік көжесі: дәмді бірінші тағам рецепті
Жарияланған күні:

Ет түйірлері қосылған дәмі тіл үйіретін ірімшік сорпасын пісіру өте жылдам әрі оңай. Хош иісті, кілегейлі мұндай тағамды балалар да, ересектер де сүйсініп ішеді. Осы рецепт бойынша дайындалған сорпаның дәмді болып шығатыны сөзсіз.
Сүтпен немесе сорпамен пісірілген ірімшік көжесі Еуропа мен Американың бірнеше елінде танымал тағам болып саналады. Аспаздар ыстық сорпаға салғанда балқитын (голланд ірімшігі, пармезан, чеддер, горгонзола) ірімшік түрлерін пайдаланады. Соның ішінде ерітілген ірімшік ет түйірлерімен (фрикаделька) тез пісетін сорпа дайындауға тиімді. Тағамның дәмін келтіру үшін оған картоп, пияз және сәбіз қосылады, бұл еттен бөлінген майға тәбетті ашатын алтын реңк береді. Әдетте дайын сорпаны бидай ұнынан жасалған кесіліп қуырылған нанмен бірге береді, тамақ талғағыш адамдар кейде мұндай нанға сарымсақ жағады.
Сипаттамасы
Асханасы: Еуропалық
Санаты: бас тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісіру уақыты: 15 минут
Мөлшерлік калориясы: 150 ккал
Ингредиенттер
Сәбіз - 75 г
Пияз - 80г
Картоп - 450 г
Тұз - дәміне қарай
Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай
Ерітілген ірімшік - 200 г
Еттен жасалған фарш - 300 г
Дайындалуы
Суды қайнатуға қойыңыз

Үш литрлік қазанға 2 литр су құйыңыз. Оны қатты жанып тұрған отқа қойып, қайнатыңыз. Суға бір шымшым тұз қосып, жалынды орташа деңгейге дейін азайтыңыз.
Пиязды тураңыз

Орташа көлемдегі пиязды қабығын тазалап, кішкене текше етіп тураңыз да, бөлек ыдысқа салыңыз. Шалқан тәрізді пияздың орнына үйіңізден табылатын кез келген пиязды пайдалануға болады.
Сәбізді үккіштен өткізіңіз

Сәбізді салқын сумен жақсылап жуыңыз. Сыртын тазалап, бүлінген жерлері болса алып тастаңыз. Көкөністерді ірі үккіштен өткізіңіз.
Картопты тураңыз

4-5 картопты тазалап, жуыңыз. Картоп түйнектерінің қалыңдығын шамамен 1 см, ұзындығын 3 см етіп тураңыз. Осылай туралған картоп тез піседі әрі қасықтан сырғып түспейді. Егер үйде картоп болмаса, қатты бидай сұрыптарынан дайындалған қысқа пішіндегі макарондарды пайдалануға болады. Бақалшық тәрізді макарон, вермишель және кеспе де жарайды.
Фарш дайындаңыз

Ыдысқа 300 г сиыр етінен дайындалған фаршты салыңыз. Дәміне қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Тартылған етке кептірілген немесе жаңа туралған сарымсақ, аздап аскөк немесе жебіршөп (тимьян) қосуға болады. Дәмдеуіш қосылған фаршты қасықпен немесе қолмен жақсылап араластырыңыз.
Ет түйірлерін жасаңыз

Тартылған еттен қолыңызбен бөдене жұмыртқасының көлеміндей дөңгелек ет түйірлерін жасаңыз. Фарш қолға жабысып қалмау үшін қолыңызды әлсін-ілсін суық суға малып алыңыз. Дайын ет түйірлерін бір-біріне жабыспау үшін өсімдік майымен майланған табаққа салыңыз.
Ет түйірлерін қайнаған суға салыңыз

Дайындалған ет түйірлерін 1-2 данадан қайнап жатқан суға салыңыз. Суды қайтадан қайнатыңыз да, қасықпен араластырып, тағы бір минуттай пісіріңіз.
Картопты салыңыз

Туралған картопты қайнаған сорпаға салыңыз. Сорпаны қасықпен ақырын араластырыңыз, қайнаған соң 3 минут пісіріңіз. Егер картоптың орнына макарон пайдалансаңыз, сорпа қайнағаннан кейін тағы 1 минут қайнатыңыз.
Пияз бен сәбіз қосыңыз

Туралған пиязды және үккіштен өткізген сәбізді қайнаған сорпаға салыңыз. Араластыра отырып қайтадан қайнағанын күтіңіз. Картоп (макарон) дайын болғанша пісіріңіз.
Ірімшік салыңыз

Картоп піскен кезде табаға 200 г еріген ірімшік салыңыз. Қазандағы ірімшік толық ерігенше араластырыңыз. Сорпа қайнаған соң оттан алыңыз. 5 минутқа қоя тұрып, қалауыңыз бойынша көк шөптермен безендіріп, табақтарға құйыңыз.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2038450-et-tuiirleri-qosylgan-irimsik-kozesi-damdi-birinsi-tagam-recepti/