Аджар хачапуриі: Грузин асханасындағы ең танымал тағамды қалай пісіреді
Жарияланған күні:

Аджар хачапуриі – грузин асханасының ең танымал тағамдарының бірі. Сіз де отбасыңызға ірімшік қосылған, дәмі тіл үйірер тағамды жасап көріңіз. Ол үшін төмендегі рецептке мән беріңіз.
Аджар хачапуриінің нан қайық формасына келтіріп, салмасына ірімшік салып пісіреді. Тағамның пішініне қатысты грузин халқында мынадай аңыз сақталған. Аджар хачапуриін күйеуін теңізге жіберген әйелдер жасаған деген аңыз бар. Бұл тағам олардың "үйге аман-есен жетсін, қатты жел тұрмасын" деген тілегін білдіреді. Ал жұмыртқаның сарысы күннің белгісін білдірген. Нағыз хачапуриді сары май мен жұмыртқа қосқанда салмасы дәмді болу үшін ірімшік (cулугуни және т.б.) қосып пісірген.
Сипаттамасы
Асхана: Грузин
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
Бір порцияға арналған калория мөлшері: 260 ккал
Құрамы
33 пайыздық қою қаймақ – 2 ас қасық
Қант - 1 шай қасық
Бидай ұны – 310 г
Сүт – 80 мл
Өсімдік майы – 20 мл
Тұз – 1 шай қасық
Су - 80 мл
Құрғақ ашытқы – 4 г
Жұмыртқаның сарысы – 2 дана
Сулугуни – 200 г
82,5 пайыздық сары май – қалауыңызша
Имеритин ірімшігі – 350 г
Дайындалуы
1. Ашытқыны ашытамыз

Су мен сүтті до 30–35 °С-қа дейін жылытыңыз. Бұл ашытқы еріп, ашуы үшін қажетті температура. Сүт пен суды ыдысқа құйып, қант пен ашытқыны салыңыз. Бәрін араластырып, 10-15 минутқа тұндырып қойыңыз.
2. Май қосыңыз

Ашытқы көтеріле бастағанда, оған тұз бен өсімдік майын қосыңыз. Май қамырды жұмсартады. Сөйтіп бәрін жақсылап араластырыңыз.
3. Қамырды илеңіз

Ашытқы бар ыдысқа 300 г ұнды електен өткізіп, қосыңыз. Алдымен қамырды қасықпен илеп, бастаңыз. Ұн өзіне барлық ұнды сіңірген соң, қамырды қолмен илеңіз. Қамырды қолға жабыспайтандай етіп, иін қандырып илегеніңіз жөн. Сонда ол жұмсақ әрі дәмді болып шығады. Дайын қамырды контейнерге салып, 3 сағат тындырыңыз. Оның жақсылап көтерілуін күтіңіз.
4. Қамырды бірнеше бөлікке бөліңіз

Дастарханға ұн себіңіз. Қамырды оған қойып, тағы да жақсылап илеп жіберіңіз. Сосын оны екі бөлікке бөліңіз. Әр бөлігін шеңбер етіп, илеңіз. Сөйтіп, оның бетін жауып, салмасын әзірлеуге кірісіңіз.
5. Cалмасын дайындаңыз

Имеретин ірімшігін қолыңызбен ұсақтап, ыдысқа салыңыз. Сулугуни ірімшігін үккіштен өткізіңіз. Сосын 1 ас қасық ұн қосып, екі ірімшікті жақсылап араластырыңыз. Ірімшікке қою қаймақты қосып, салманы тағы да араластырыңыз.
6. Қамырға пішін беріңіз

Дастарханға қамырдың екі бөлігін алып, алдымен дөңгелек шеңбер етіп жайып алыңыз. Сосын оны сопақ етіп жайыйыз, кейін екі жақ шетін сүйірлеп, қамырға кеме пішінін беріңіз. Сөйтіп екі қамырды да пергамент төселген противеньге қойыңыз.
7. Салмасын салыңыз

Қамырдың шетіне салманы салып, қалғанын кеме тәрізді қамырдың ортасына салыңыз. Сөйтіп қамырдың екінші бөлігіне де салманы салыңыз.
8. Хачапуриді пісіріңіз

Пешті 180°C-қа дейін ысытыңыз. Тағам піскенше, 15–20 минут бойы пеште ұстаңыз. Сосын оны пештен алып шығып, ортасына жұмыртқаның сарысын салыңыз. Сөйтіп хачапуриді тағы да 1–2 минутқа пешке салыңыз.
9. Тағамды ыдысқа әдемілеп салыңыз

Хачапуриді дастархан мәзіріне әдемілеп берген жөн. Ыстық тағамға сары май қосып жіберуді ұмытпаңыз. Аджар хачапуриін қалай жеу керек? Тағамнан дәм татпастан бұрын, жұмыртқаның сарысын ірімшік салмасымен араластырыңыз. Грузин дәстүрлеріне сәйкес, ол үшін тағамның шеткі жақтарын алып, ортасындағы салмаға малып, тағамнан дәм татады. Сол себепті хачапуриді қолмен жеген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2043447-adzar-xacapurii-gruzin-asxanasynyn-en-tanymal-tagamynyn-zasalu-zoly-qandai/