Сиыр еті қосылған сорпа: Диана Есенбековадан ең жеңіл тағам рецепті
Жарияланған күні:

Сорпа - Шығыс халқының дәстүрлі тағамы. Алайда бұл тағамды әлемнің әр түкпірінде тұратын адамдар да сүйсініп ішеді. Себебі Сорпа өте дәмді әрі жеңіл ас түрі болып саналады. Суық күндерде құнарлы тағам ішкіңіз келсе, Диана Есенбекова ұсынған рецепт бойынша сорпа дайындауға кеңес береміз.
Сорпаны өзбек, тәжік, түрік, әзербайжан, шешен, молдаван, татар және грек халқы дайындайды. Сорпа ұзақ қайнатылған еттің дәмімен ерекше тағам. Сонымен қатар бұл сорпаға қосылатын көкөністер ірі күйінде салынады.
Сипаттамасы
Асханасы: шығыс
Санаты: бас тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісетін уақыты: 2 сағат 45 минут
Мөлшерлік калориясы: 44,3
Ингредиенттер
Ет - 500 г
Картоп - 3 дана
Пияз - 1 дана
Сәбіз - 1 дана
Болгар бұрышы - 1 дана
Лавр жапырағы - 1-2 жапырақ
Су - қазанның көлеміне қарай
Әмбебап дәмдеуіш - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Етті қайнатамыз

Сорпа тағамын пісіру үшін сиыр еті қажет болады. Ет сүйекті болса, сорпа ерекше дәмді болып шығады. Ең алдымен етті тазалап жуып алыңыз. Содан соң қазанға су құйып, етті салыңыз. Еттің көбігі шыққан кезде сүзекімен сүзіп алып тастаңыз. Көбігін 3-4 рет алған дұрыс.
2. Пиязды тураңыз

Пияздың қабығын аршып, тазалап алыңыз. Ортасынан бір бөліп, жұқалап тураңыз. Туралған пиязды қазанда қайнап жатқан еттің үстіне салыңыз.
3. Тұз және лавр жапырағын салыңыз

Тағамның дәміне қарай тұз, 1-2 дана лавр жапырағын салыңыз. Сонымен бірге сорпаның дәмін келтіру үшін әмбебап дәмдеуіш қосыңыз. Солан соң қазанның қақпағын жартылай жауып, баяу жанған отта 2 сағаттай қайнату керек.
4. Көкөністерді тураңыз

Сәбіздің қабығын аршып, жуып алыңыз. Болгар бұрышын да тазалап, ортасындағы дәндерін алып тастаңыз. Көкөністерді теклеп турап шығыңыз. Қазандағы сорпа 2 сағатқа жуық уақыт қайнаған соң сәбіз бен болгар бұрышын салыңыз. Содан кейін тағы да 30 минут қайнатыңыз.
Картоптың қабығын аршып, таза сумен жуып алыңыз. Сәбіз бен болгар бұрышы піскен соң қазанға картопты салыңыз. Картопты шамамен 15 минут қайнатыңыз. Картоп піскен соң сорпаны табақтарға құйып, дастарқанға ұсыныңыз. Тағамның дәмін келтіру үшін аскөк пен күнзені турап қосуға да болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2050680-siyr-eti-qosylgan-sorpa-diana-esenbekovadan-en-zenil-tagam-recepti/