jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ұлттық дәм: Ақнұр Тілекқызы тары мен қызыл ірімшіктен жасалатын ерекше чизкейк рецептін ұсынады

    Дайын чизкейк. Скриншот
    Дайын чизкейк. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Наурыз мерекесі қарсаңында дастархан мәзірін алдын-ала жоспарлап қойғаныңыз абзал. Осы орайда, Ақнұр Тілекқызынан қазақ халқының ұлттық тағамдары тары мен қызыл ірімшіктен жасалатын ерекше чизкейктің рецептісін назарға ұсынамыз.

    Наурыз мерекесі қарсаңында жақындарыңызды ерекше тағаммен қуантып көріңіз. Ақнұр Тілекқызының YouTube арнасынан ұлттық тағамдардан бөлек, көптеген ерекше дәмді тағамның рецептілерімен таныс бола аласыздар. Бүгін назарларыңызға тары мен қызыл ірімшіктен даярланатын ерекше чизкейктің жасалу жолын ұсынамыз.

    Сипаттамасы

    Асхана: қазақ

    Санаты: десерт

    Дайындау уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 25-30 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 3 дана

    Сары май - 100 гр

    Қант - 100 гр

    Ұн - 230 гр

    Қопсытқыш - 1 шай қасық

    Қаймақ - 350 гр

    Қоюлатылған сүт - 150 гр

    Тары - 40 гр

    Ыстық сүт - 50 гр

    Қызыл ірімшік - 150 гр

    Жүгері крахмалы - 1,5 ас қасық

    Дайындалуы

    1. Қамырды дайындаймыз

    Қамырды даярлау сәті. Скриншот
    Қамырды даярлау сәті. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Ыдысқа жұмыртқа, сары май, қантты қосып, шанышқымен жақсылап езіп, араластырамыз. Сосын ұнға қопсытқышты салып, араластырып аламыз. Кейін ұнды сары майға қосып, жұмсақ қамыр илейміз.

    2. Cалмасын дайындаймыз

    Cалмасын дайындаймыз. Скриншот
    Cалмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Кесеге тарыны салып, үстінен ыстық сүтті құйып, бетін жауып қойып қоямыз. Қаймаққа қоюлатылған сүт, екі жұмыртқа, қант, жүгері крахмалын қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Осылайша, чизкейктің салмасын дайындап аламыз.

    3. Қызыл ірімшікті тураймыз

    Қызыл ірімшікті чизкейкке салу. Скриншот
    Қызыл ірімшікті чизкейкке салу. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Қызыл ірімшікті ірі шаршы етіп турап, дайындап қоямыз. Сосын қамырды формаға жазып салып, үстінен салмасын құямыз. Кейін арасына туралған қызыл ірімшікті саламыз. Ірімшіктерді салмамен бетін жауып қоямыз.

    4. Чизкейкті пісіреміз

    Чизкейкті пісіру. Скриншот
    Чизкейкті пісіру. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Пешті алдын ала 180 градусқа қыздырып аламыз. Сосын чизкейкті қызып тұрған пешке 40-45 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Ұлттық тағамдардан әзірленген ерекше чизкейк дастарханыңыздың көркін кіргізетіні анық.

    Ұлттық дәм: Ақнұр Тілекқызы тары мен қызыл ірімшіктен жасалатын ерекше чизкейк рецептін ұсынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.