jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Хычины: Ірімшік қосылған жайма нан рецебі

    Дайын болған хычины. Скриншот
    Дайын болған хычины. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Хычины - тау халықтары арасында кеңінен танымал тағам. Ірімшік қосылып жасалатын ұлттық тағамды үй жағдайында қалай дайындауға болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

    Хычины - Солтүстік Кавказ аймағында танымал болған, тау халықтарының ұлттық тағамдарының бірі. Ірімшік қосылған жайма нанның шыққан жері - Кабардин-Балқар елі деген дерек бар. Танымал фудблогер Диана Есенбекова назарларыңызға дәмі тіл үйіретін жайма нанның рецебін ұсынатын болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Солтүстік Кавказ елдері

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 10 минут

    Құрамы

    Жылы су - 300 мл

    Ерітілген сары май - 150 г

    Ашытқы - 1 ас қасық

    Қант - 1 ас қасық

    Жұмыртқа - 1

    Тұз - 1 шай қасық

    Ұн - 500 г с

    Cулугуни немесе моцарелла ірімшігі - мөлшеріне қарай

    Дайындалуы

    1. Қамырдың сұйық құрамын дайындаймыз

    Қамырдың сұйық құрамы. Скриншот
    Қамырдың сұйық құрамы. Скриншот: YouTube/СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Шұңғыл ыдысқа жылы су, ерітілген май, ашытқы мен қантты араластырып, 15 минутқа бетін жауыр қоямыз. Одан кейін бір жұмыртқаны қосып, дәміне қарай тұз сеуіп, араластырамыз.

    2. Ұн қосып, қамыр илейміз

    Ұн қосып, қамыр илейміз. Скриншот
    Ұн қосып, қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Дайын қоспаға ұнды електен өткізіп, біртіндеп қосамыз. Сосын жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, жарты сағатқа қойып, ашытамыз.

    3. Қамырды жаямыз

    Қамырды бірнеше бөлікке бөлеміз. Скриншот
    Қамырды бірнеше бөлікке бөлеміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Ашыған қамырды алып, алдымен екіге бөлеміз. Сосын әр бөлікті үшке бөлеміз. Әр бөлікті орташа қалыңдықта жаямыз.

    4. Қамырға ірімшікті салып, тағы да жаямыз

    Қамырдың ішіне ірімшік саламыз. Скриншот
    Қамырдың ішіне ірімшік саламыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Ірімшікті ірі үккіштен өткіземіз. Сосын әр дөңгелек қамырдың ортасына салып, қамырдың жан-жағын түйеміз. Осылайша, сыр қосылған қамырды тағы да күлше тәрізді етіп, жаямыз.

    5. Күлшелерді пісіреміз

    Күлшелерді пісіреміз. Скриншот
    Күлшелерді пісіреміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Дайын болған күлшені қызып тұрған табаға салып, екі жақ беті қызарғанша пісіреміз. Күлшелер дәмді болуы үшін, оған сары май жағып, дастарханға ұсынсаңыз болады.

    Хычины: Ірімшік қосылған жайма нан рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.