jitsu gif branding logo appbranding logo app
Тағам

    Пайдалы әрі дәруменге бай: Диана Есенбековадан ерекше көк самсаның рецебі

    Дәмі тіл үйіретін көк самса. Көрнекі сурет
    Дәмі тіл үйіретін көк самса. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Самса Орталық Азияда кеңінен таралған құнарлы әрі дәмді тағамдардың бірі. Ал дәруменге бай көк самса туралы естігендеріңіз бар ма? Бүгін назарларыңызға жасалу жолы оңай, пайдалы самсаның рецебін ұсынатын боламыз.

    Дәмі тіл үйіретін көк самсаның рецебін танымал фудблогер Диана Есенбекова ұсынатын болады. Блогер өзінің YouTube арнасында осы сынды көптеген тағамдардың рецебімен бөлісіп отырады. Арнаға жазылып, жақындарыңызды дәмді тағамдармен қуантуды ұмыптаңыз.

    Сипаттамасы

    Асхана: Азия елдері

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 25 минут

    Дайын болу уақыты: 20 минут

    Құрамы

    Су - 1 стакан

    Сары май - 130 гр

    Тұз, кинза, қара бұрыш - дәміне қарай

    Ұн - мөлшеріне қарай

    Шпинат - мөлшеріне қарай

    Пияз - 2 дана

    Дайындалуы

    1. Жұмсақ қамыр илейміз

    Жұмсақ қамыр илейміз. Көрнекі сурет
    Жұмсақ қамыр илейміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алдымен суды тегешке құйып, ерітілген сары маймен бірге араластырамыз. Үстінен бір ас қасық мөлшерде тұз себебіз. Сосын ұнды електен өткізе отырып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, он бес минутқа тындырып қоямыз.

    2. Cамсаның салмасын дайындаймыз

    Шпинатты турап, салмасын дайындаймыз. Скриншот
    Шпинатты турап, салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Шпинатты жақсылап жуып, ұсақтап тураймыз. Сосын екі пиязды ұсақтап турап, табадағы майда қуырамыз. Пиязды сарғайғанша қуырып, шпинатқа қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен кинза қосамыз.

    3. Самсаны түйеміз

    Cамсаны түйеміз. Скриншот
    Cамсаны түйеміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Қамырды жұқа етіп жаямыз. Сосын оны ені және ұзындығы бірдей бірнеше шаршы бөліктерге бөлеміз. Әрқайсысының ішіне салмасын салып, көк самсаларды конверт-хат түрінде түйеміз.

    4. Көк самсаны пісіреміз

    Cамсаны пісіреміз. Скриншот
    Cамсаны пісіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Көк самсаны алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градуста 20 минут пісіреміз. Сосын ыстық күйінде үстіне сары май жағып, дастарханға ұсынамыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.