jitsu gif branding logo appbranding logo app
Тағам

    15 минутта дайын болады: үй жағдайында дүкендегі қытырлақ печеньені қалай даярлауға болады

    Қатпарлы қамырдан даярланатын печенье. Көрнекі сурет
    Қатпарлы қамырдан даярланатын печенье. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Дүкендегі қытырлақ печеньені үй жағдайында оңай әрі тез даярлауға болады. Бүгін сіздермен қатпарлы қамыр мен қанттан жасалатын, дәмді печеньенің рецебімен бөлісеміз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Үй жағдайында дүкендегідей қытырлақ печеньені даярлаудың оңай әдісі көрсетілген.
    • Фудблогер Гүлнар Ертай қатпарлы қамыр мен қанттан жасалатын печеньенің рецептін ұсынады.
    • Печеньені дайындау үшін қатпарлы қамырды жайып, қант себіп, жүрекше пішінінде кесіп, 180 градуста 15 минут пісіру керек.

    Үй жағдайында қатпарлы қамырдан жасалатын оңай әрі дәмді печеньенің рецебімен фудблогер Гүлнар Ертай таныстырады. Блогердің желідегі парақшасында осы және өзге де тағамдардың жасалу жолдарымен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 15 минут

    Құрамы

    Дайын қатпарлы қамыр - 1 дана

    Қант - қалауыңызша

    Ұсақталған қант ұнтағы - мөлшеріне қарай

    Жұмыртқа - 1 дана

    Дайындалуы

    1. Қамырды жаямыз

    Қатпарлы қамырды жаямыз. Көрнекі сурет
    Қатпарлы қамырды жаямыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алдымен бөлме температурасындағы қатпарлы қамырды орташа қалыңдықта жайып аламыз. Қамыр қолға жабыспау үшін, оған ара-арасында ұн сеуіп отырамыз.

    2. Қамырға қант себеміз

    Жайылған қамырға қант себеміз. Көрнекі сурет
    Жайылған қамырға қант себеміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Дайын болған қамырдың бетіне қантты біркелкі етіп себеміз. Сосын қамырды екі жақ шетінен орама сияқты ораймыз.

    3. Қамырда жүрекше пішінде кесіп, печенье дайындаймыз

    Қамырды жүрекше пішінде кесеміз. Көрнекі сурет
    Қамырды жүрекше пішінде кесеміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Оралған қамырды орташа мөлшерде кесіп, оған жүрекше тәрізді пішін береміз. Сосын үстінен оқтаумен тағы да жаямыз. Печеньелерді пештің противеніне рет-ретімен салып, бетіне тағы да қант себеміз.

    4. Печеньені пісіреміз

    Печеньелерді пісіреміз. Көрнекі сурет
    Печеньелерді пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Печеньелердің бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, алдын ала қызып тұрған отқа, 180 градуста 15 минут пісіріп аламыз. Осылайша, үй жағдайында қатпарлы қамырдан жасалатын печеньелер дайын болып шығады.

    15 минутта дайын болады: үй жағдайында дүкендегі қытырлақ печеньені қалай даярлауға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.