jitsu gif branding logo appbranding logo app

Арықтататын Магги диетасының мәзірі

: UGC

Магги диетасы жұмыртқа диеталарының бір түріне жатады. Мұндай атауы бәрімізге таныс сорпаға арналған текшелерге негізделгендіктен емес, осы диета түрін ойлап тапқан адамның тегіне қойылған деп жазады massaget.kz.

Магги диетасы туралы интернет желісінде оң пікірлер көптеп кездеседі. Магги диетасының бірінші аптаға арналған ас мәзіріне (Магги диетасы төрт аптаға созылады) көз жүгіртіңіз.

Дүйсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.

Кешкі ас: қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Сейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады).

Кешкі ас: 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 грейпфрут (апельсин), дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), 1 тост наны.

Сәрсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: 1 тост наны, майлы емес ірімшік, қызанақ.

Кешкі ас: қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Бейсенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.

Кешкі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Жұма

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: шала пісірілген 2 жұмыртқа немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді).

Кешкі ас: 1 грейпфрут, дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған немесе қуырылған балық бөлігі.

Сенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: алма, апельсин, қарбыз, өрік, алмұрт, қауын, киви жемістерінің тек бір түрін қанша мөлшерде болса да жеу.

Кешкі ас: дәмдеуішсіз салат (қызанақ, қияр, сәбіз, бұрыш), қайнатылған майсыз ет (қой етінен басқа).

Жексенбі

Таңғы ас: 1-2 қайнатылған жұмыртқа, жарты грейпфрут немесе апельсин.

Түскі ас: қайнатылған тауық еті (қуырылған да болады), буға піскен қызанақ немесе қайнатылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді), 1 грейпфрут.

Кешкі ас: қайнатылған немесе қуырылған көкөністер (сәбіз+жасыл бұршақ немесе үрме бұршақ+кәді).

Екінші аптаға Магги диетасының мәзірін келесі материалда оқи аласыз.

Тағы да оқыңыздар:

Секс туралы жігіттер сенетін алты өтірік (+18)

Етеккір кезінде қалай сақтануға болады?

Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер

Сүйіктіңіз үшін қалай стриптиз билеген дұрыс?

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Арықтауға арналған сусындар

Жыныстық қатынас туралы қызықты жайттар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.