Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең жас ана тұңғышын бес жасында босанған 

Опубликовано:

Әлем тарихындағы ең жас ана - Перуде дүниеге келген Лина Медина. Ол тұңғышын бес жасында босанғанда әлем жұртшылығы дүр сілкінген болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1933 жылы Перудің Тикрапо ауылында кедей отбасында дүниеге келген Лина Медина бес жыл өткесін әлем тарихындағы ең жас ана атанады.

Оның бұл жағдайы адам сенгісіз болғанымен, шындық. Ал әлемнің түрлі медициналық орталықтарындағы ғалымдар бұл жайтқа әлі күнге дейін бас қатыруда.

Мединаның іші ауырсынып, өсе бастағанын байқаған анасы оны емханаға алып барады. Бастапқыда дәрігерлер мұны ісік деп ойлаған. Алайда зерттеу нәтижелері қыз баланың жеті айлық жүктілік мерзімінде екенін көрсеткенде, олар өз көзіне сене алмаған.

Шамамен бір жарым айдан кейін Медина 5 жасында ұл баланы кесар тілігі арқылы босанады. Ұл бала 1939 жылы 14 мамырда дін-аман дүниеге келген. Оның салмағы 2,7 келі болды. Бүлдіршін ұлын дәрігердің құрметіне Жерардо деп атады.

Белгілі болғандай, Мединаның ағзасы бес жасында толыққанды бала көтере алатындай жетіліп үлгерген. Жерардо Мединаны әпкесі деп санап келеді. Алайда он жасында оған шындықты айтып берген.

Ал Мединаның әкесі қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынғанымен, дәлелдің жоқтығынан бостандыққа жіберілді. Мединаның қалайша жүкті болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Мединаның ұлы 40 жасқа дейін өмір сүрді. Ал Медина 1972 жылы тұрмысқа шығып, тағы да ұлды болған. Олар әлі күнге дейін Перуде бірге тұрып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ел билігіндегі ең сымбатты шенділер кімдер?

Өзін "Коре" руынан санайтын кәріс қызы қазақ тіліне ессіз ғашық

Баян Есентаева сүйіктісі екеуіне тап берген бойжеткеннің кім екенін айтты

Депутат мұғалімдерді халық санағынан босатып, жалақысын көтеруді сұрады

Аудандық әкімдер жаман жолдардың кесірінен қымбат көліктер алуға мәжбүр

Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1411302-alemdegi-enh-zhas-ana-tunhghyshyn-bes-zhasyn/

pixel