jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ғалымдар намаздың денсаулыққа тағы бір пайдасын тапты

    : UGC

    Ғалымдар күніне бес уақыт оқитын намазда тізе мен арқаның дұрыс бұрыш жасап тұруы арқаға жақсы әсер ететінін дәлелдеді деп жазады muftyat.kz.

    Мұндай тұжырым «Адамның цифрлық моделін қолдана отырып, мұсылмандардың құлшылық ету кезіндегі дене қимылдарын анатомиялық зерттеу» деген ғылыми еңбектен табылған. Зерттеу барысында намаз кезіндегі адамдардың әр қалыптағы қимылдарының компьтерлік моделдері мен олардың арқаға әсері тексерілген.

    Намазда сәждеге жығылу – буындардың икемділігін арттырады деп тұжырымдаған ғалымдар. Аталмыш қимылды мезгілімен бес рет қайталап тұру сәжденің пайдасын арттыра түспек. Осы зерттеумен айналысқан профессор Хасавни денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық, діни фактормен және өмір сүру салтымен тығыз байланысты екенін атап өткен.

    Оның айтуынша: «Сәждеге жығылу кезінде жасалатын іс-қимыл, арқаны емдеу кезінде қолданатын йога мен физиотерапиядағы қалыпқа ұқсас».

    Бұдан бөлек, намаздың күйзеліс пен денеге түсетін күшті жеңілдететін мүмкіндігі бар, сондықтан да адамның жүйке жүйесін тиімді емдейтіні зерттеу барысында белгілі болған.

    Сондай-ақ, сәжде – адамның денесінен шығатын электромагнитті сәулеленуді басудың ең жақсы тәсілі. Сәжде жасау кезінде жердің гравитациясы адам денесіндегі барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартып алатынын ғалымдар дәлелдеген.

    Мұсылман үшін сәждеге жығылу – оның мойнындағы парызы, оның Жаратушыға деген разылығы мен мойынсұнушылығы. Ол сәжде жасаудан өзіне бір пайда іздемейді, ол тек Алла Тағаланың разылығында болуға тырысады, бірақ сонымен қатар, құлшылық жасау арқылы қуанышқа кенеледі, жарастық алады әрі денсаулығын түзейді.

    Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

    ⇓⇓⇓

    Тағы оқыңыздар:

    Шымкенттегі зауытта 3 мың қытайлықтың жұмыс істейтінін естіген Түймебаев шошып кетті

    Қызылордада үйі өртеніп, анасынан айырылған балаларға әкімдік бір қап ұн алып берген

    Отандық жұлдыздың жүрегін жаулаған миллионердің қызы туралы не білеміз? (фото)

    Ғалымдар намаздың денсаулыққа тағы бір пайдасын тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.