jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бес жылдан бері күресіп келеміз": Қатерлі ісікке шалдыққан 11 жасар баланың анасы жанайқайын айтты

    қатерлі дертке шалдыққан бала
    фото: жеке мұрағат

    11 жастағы алматылық Аспендияр Шерияздан 2016 жылдан бері мидің қатерлі ісігімен күресіп келе жатыр. Осыдан 4 жыл бұрын емделіп шыққан баланың дерті былтыр қайтадан қозып, анасымен бірге Стамбул ауруханасының төсегіне таңылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аспендияр балалық шағын аурухана қабырғасында өткізіп жатыр. Өйткені, 2016 жылы дәрігерлер баланың миынан қатерлі ісік тауып, ата-анасы Стамбулда емдеткен болатын.

    "Аружан Саинның қайырымдылық қоры көмектесіп, осыдан бес жыл бұрын Түркияда ем алдық. Дәрігерлер баламның жазылғанын айтып, құлан-таза айықтық деген оймен елге келгенбіз. Алайда қауіпті дерт бізді айналшықтап әлі жүр. Былтыр ұлымның ісігі қайтадан күш алып, ауруханаға төсегіне таңылдық. Себебі, біздің елімізде мұндай оталарды жасамайды. Ал түрік дәрігерлері баланың өмірі бәйгеге тігілген отаның арзанға шықпайтынын айтады. Қазір ұлыма бес рет химиотерапия жасау көзделіп отыр", - дейді Аспендиярдың анасы Ләззат.

    2021 жылдың желтоқсанында Аспендиярға екінші рет ота жасалды. Дәрігерлер ісіктің біраз бөлігін алып тастаған.

    "Ісік толығымен кеткен жоқ. Өйткені, мидың бір қатпарындағы ісікті отамен толық алу мүмкін болмады. Дәрігерлер ісіктің қалған бөлігін химия және радио терапия арқылы күйдіруде. Құдайға шүкір, қазір ұлымның беті бері қарап келеді. Аталған терапиялардың көмегі зор болып жатқан сияқты. Өкініштісі сол, біз аурухана алдындағы қарызымызды жаба алмай отырмыз. 110 мың доллар қарызымыз бар. Осы уақытқа дейін бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Қаншама қордан көмек сұрадық. Жауап жоқ. Бар үмітіміз - мейірімді жандарда. Қасиетті айда ұлымды құтқарып, аман алып қалуға көмектесіңіздерші. Бұған дейін халықтан көмек сұраған емеспіз. Амалымыз жоқ болғасын, осы қадамға барып отырмыз", - дейді Аспендиярдың анасы.

    Аспендиярға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

    Kaspi Gold

    44 00 43 01 14 50 08 35

    Банк картасы тіркелген номер: 8 778 360 32 77, анасы Ләззат Қиссалиева

    Halyk Bank

    43 90 87 22 04 55 61 55

    "Бес жылдан бері күресіп келеміз": Қатерлі ісікке шалдыққан 11 жасар баланың анасы жанайқайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.