Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл бойы ракпен күресіп жатыр": 13 жастағы алматылық жеткіншек шұғыл көмекке зәру

Опубликовано:

Алтай Сатыбалды
Алтай Сатыбалды. Фото: Жеке мұрағат

13 жастағы алматылық Сатыбалды Алтайдың соңғы бес жылы аурухана төсегіне таңылумен өтіп жатыр. Бокспен шұғылданып, сабағын үздік оқыған ол қатерлі дерттің қармағына іліккен. Жақында соңғы отаны сәтті өткізген Сатыбалдының қуанышы ұзаққа созылмады. Ондағы рак жасушалары қайтадан бой көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сатыбалдының анасы Шарбану Орынбаеваның айтуынша, олар соңғы отадан соң қатерлі дерттен құтылдық деп ойлаған. Бірақ рак жасушалары қайтадан оянып, жеткіншектің мұрнынан шыға бастады.

"Ұлым екеуіміздің өміріміз бес жылдан бері ауруханада өтіп жатыр. Аурудың беті қайтпаған соң, 2020 жылы Түркияға келдік. Осы елде ұлыма екінші рет ота жасалып, сүйек кемігі ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, Алтайдың диагнозы өте ауыр. Өйткені, алты ай сайын рак жасушалары қайта оянып кетіп жатыр. Осыған дейін бауырға ота жасату үшін 123 мың, сүйек кемігін ауыстыру үшін 128 мың доллар кетті. Балам не көрмеді?! Жоғары дозалы химиялық терапияны тоқтаусыз алды. Қан кетіп, жансақтау бөлімінде өлім мен өмір арасында жатты", - дейді Сатыбалдының анасы.

Жақында Сатыбалды түрік дәрігерлері тағайындаған қымбат дәріні қабылдап, ота сәтті аяқталған еді. Бірақ анасы мен баласының қуанышы көпке созылмай, рак жасушалары бұл жолы мұрынға өтіп кетті. Осылайша, Сатыбалдыдағы қатерлі дерт бесінші рет бой көтеріп, дәрігерлер тағы да қымбат ота жасау керектігін айтуда.

Дәрігерлер Сатыбалдыға жасалатын отаны 28 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Бүгінге дейін 7 мың доллар шамасында жиналған. Егер қажетті қаражат тезірек жиналмаса, жеткіншектің денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін.

Сатыбалды Алтайға көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Карта номері: 4400 4301 5303 2278

Телефон номері: 8 775 708 18 39

Орынбаева Шарбану Есембаевна (мама)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1960146-bes-zyl-boiy-rakpen-kuresip-zatyr-13-zastagy-almatylyq-zetkinsektin-anasy-sugyl-komek-surady/

pixel