Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күннен сақтану қажет: Дәрігер күн ыстықта COVID-19-ға қарсы вакцина салдыратындарға ескерту жасады

Опубликовано:

вакинация
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Алматыдағы N4 қалалық емхананың дәрігері Динара Қалиева күн ыстықта COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған жағдайда денені күйдіріп жіберетін күннің ультракүлгін сәулелерінен сақтану қажеттігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Күн сәулесінің астында ұзақ тұру - тіпті дені сау адам үшін де қауіпті. Ультракүлгін сәуле әсерінен теріңіз күнге күюі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде ағзада гистаминнің бөлінуін және аллергиялық реакцияның дамуын тудырады.

Ал COVID-19-ға қарсы вакцина салдырсаңыз, аллергиялық реакция болып, ушығып кетпес үшін күннің ультракүлгін сәулелерінен қашыңыз", - дейді Динара Қалиева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Сонымен қатар Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1968070-dariger-covid-19-ga-qarsy-vakcina-saldyrgan-son-ultrakulgin-saulelerden-saqtanu-qazettigin-aitty/

pixel