Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажар Ғиният Қазақстанда қандай вакциналардың тиімділігі жоғары екенін айтты

Жарияланған күні:

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Отандық QazVac вакцинасы коронавирусқа қарсы ең тиімді вакциналар рейтингінде көш бастап тұр. Бұл туралы "Министрмен таңғы ас" жобасы аясында KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді

Оның айтуынша, қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігіне зерттеулер жүргізіп, қорытынды жасаған.

"Вакциналарды өндіріске жібермес бұрын зерттеудің барлық кезеңі жүргізілетін сияқты, тиімділікке де зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда тек біздің елімізде 12 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды және олардың әрқайсысы вакцинациядан кейінгі иммунитетті тексере алады.

Вакцинаға келетін болсақ, біздің отандық QazVac вакцинасы, сондай-ақ Sputnik V және Pfizer өте жақсы тиімділік көрсетуде. Sinopharm 50-60 пайыз тиімділік береді", - дейді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар министр QazVac әлі ДДСҰ-дан түпкілікті мақұлдау алмағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980593-azar-giniyat-qazaqstanda-qandai-vakcinalardyn-tiimdiligi-zogary-ekenin-aitty/