Елордада коронавирусқа байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанның бас санитариялық дәрігері жаңа шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойды. Құжат қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынада жарияланған.
Қаулыда шектеу шаралары Нұр-Сұлтанның "сары" аймаққа өтуіне байланысты енгізілетіні көрсетілген.
Ең алдымен мемлекеттік және жергілікті билік органдарына, компанияларға және қарапайым азаматтарға ұсыныстар берілген:
- адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
- қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
Сонымен қатар қамтамасыз етуі тиіс:
- қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
- жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
- тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
- адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру тапсырылған.
Осы қаулы 2022 жылғы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1979610-elordada-koronavirusqa-bailanysty-zana-sekteu-saralary-engizildi/