jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елде халыққа тегін қызмет көрсететін жекеменшік медициналық ұйымдар саны артпақ

    Аурухана
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда тегін қызмет көрсететін жекеменшік медициналық ұйымдар саны артады. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер жекеменшік медициналық ұйымдарды Медсақтандыру қорының  қызмет көрсетушілер тізіміне қосу рәсімін едеуір жеңілдеткен, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

    Ведомство басшысы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлік субъектілеріне кедергілерді жою мақсатында тиісті бұйрыққа қол қойған.

    Құжатта денсаулық сақтау инфрақұрылымының аймақтық перспективалық даму жоспарына денсаулық сақтау объектілерін алдын ала қосу талабын алып тастау қарастырылған.

    "Осылайша денсаулық сақтау субъектісі денсаулық сақтау субъектілерінен қызметті сатып алу веб-порталына өтінім берген кезде, Медициналық сақтандыру қоры үш жұмыс күні ішінде ол денсаулық сақтау субъектісін Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізеді", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

    Алайда ол үшін денсаулық сақтау субъектісіне қойылатын талап бар:

    • медициналық қызметке лицензиясы болуы шарт
    • банкроттық рәсіміне немесе жоюға қатысы, қызметін тоқтата тұрумен байланысты шектеулері болмауға тиіс.
    • соңғы үш жыл ішінде Қормен жасалған қызметтерді сатып алу шарты орындалмауы, уақытылы не тиісті деңгейде орындалмауы себепті біржақты тәртіппен бұзылмаған немесе субъектісінің өз бастамасымен біржақты тәртіппен бұзылмаған болуға тиіс. 

    "Денсаулық сақтау министрінің аталмыш бұйрығы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға, медициналық қызмет нарығын дамытуға және өнім берушілерді әділ бәсекелестікке ынталандыруға оңтайлы жағдай туғызуды көздейді", - делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 1426 ұйым медициналық қызмет көрсетеді, оның ішінде 767-сі жекеменшік нысан.

    Елде халыққа тегін қызмет көрсететін жекеменшік медициналық ұйымдар саны артпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.