jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынады

    Аурухана
    Көрнекі фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Екі жыл ішінде бүгінде емдеу мекемесі жоқ 650 елдімекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен жарақтандырылады. Бұл туралы мемлекет басшысы кезекті жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгінде еліміздегі 650 елдімекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

    Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.

    Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады.

    Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.