Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлдарым үшін талай адамнан сөз естідім": Екі баласы да сөйлемейтін шымкенттік ана халықтан жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Екі баласы да сөйлемейтін ана жанұшыра көмек сұрады
Нұрислам мен Мүслім Мақсатұлы: жеке мұрағат

Шымкенттік Ләйла Мұсалы екі ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана. Оның екі және төрт жастағы екі ұлы өз қатарластарынан артта келеді. Дәрігерлер екеуінен де аутистік спектрдің бұзылуын байқаған. Бүгінде екі баласына ем іздеп жанұшырған ана 600 мың теңге таба алмай, қиналуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйла екі баласын да табиғи жолмен, аман-есен дүниеге әкелген. Алайда уақыт өте келе ұлдарынан өзгеріс байқайды. Үлкені Нұрислам да, кішісі Мүслім де психикалық даму жағынан ерекшеленетін. Анасының қорқынышы кейін расталып, бүгінде ол екі ұлын ел қатарына қосу үшін жанталасып жүр.

"Екі ұлым да ерекше балалар қатарында. Екеуінің де тілі шықпады, екеуі де айтқан сөзді түсінбейді. Өздігінен дәретханаға сұранбайды. Атын айтсаң, қарамайды. Екеуінде де агрессия басым. Үлкен ұлым жасы беске жақындаса да мүлде сөйлемейді. Дәрігерлер оған "Сенсомоторлы алалия", "Психика және сөйлеу жүйесінің бұзылуы", "Резедуалды энцефалопатия" диагнозын қойып отыр. Аутизм белгілері көп. Бүгінде үлкеніме мүгедектігі туралы анықтама алдық. Нұрисламды қатарға қосам деп жүгіріп жүргенде, кіші ұлым Мүслім де дәл осындай диагнозбен туылды. Екеуінің де ерекшеліктерін екі жасқа таяғанда байқадым", - дейді ол.

Анасының айтуынша, ерекше баласы бар жандарды қарапайым адамдар түсінбейді. Өйткені, тілі шықпаған, айтқан сөзді түсінбейтін балалар көпшілікке қосылмай, оларға агрессия танытады.

"Менің балалармен ойын алаңына баруым үнемі айғай-шумен аяқталады. Себебі ұлдарым сөз түсінбей, басқаларға кедергі келтіреді. Мұны дені сау баланың анасы түсінбейді. Ұлдарым үшін талай адамнан ауыр сөз естідім, әлі де естіп келем. Ерекше балаларды біздің қоғам қабылдай алмай отыр, өкінішті... Біраздан бері Ресейдің Челябинск қаласындағы профессор Леонид Плехановқа қаралып жүрміз. Ол ерекше бала бағып отырған аналардың сұранысымен Қазақстанға азғантай мерзімге келеді.

Сол дәрігердің емін алғалы бері үлкен ұлымнан жақсы нәтиже байқалып отыр. Кішкентайым да қатарға қосылса деген аналық арманым бар. Қазір менің бар ойым осы екі ұлымды өз қатарына қосу. Ұлдарымның сөйлеп кетуіне көмектесіңіздерші. Жақында дәрігер Плеханов Алматыға келеді. Соған толық көрсету үшін бізге 600 мың керек. Екі баламен мұндай ақшаны табу маған өте қиын", - дейді Ләйла.

Нұрислам мен Мүслімнің сөйлеп кетуіне көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi карта: 44 00 43 01 57 37 86 02

Kaspi Gold: +7 707 549 9795, Ләйла.М

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1988045-uldarym-usin-talai-adamnan-soz-estidim-eki-balasy-da-soilemeitin-symkenttik-ana-xalyqtan-zanusyra-komek-surady/

pixel