Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірі қыл үстінде тұр": Алматылық ана 13 жастағы қызының еміне жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Амира Әбдіғали
Амира Әбдіғали: жеке мұрағат

Алматылық Амира Әбдіғали биылғы наурыз айынан бері қатерлі дертпен күресіп жатыр. Небары 13 жастағы қыз бала мектептен де, үйінен де жырақ кетіп, ауруханаға жатуға мәжбүр. Өйткені, дәрігерлер оған ақ қан (өткір лимфообласты лейкоз) диагнозын қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Амираның анасы Айкерім Талғатова қызының тосыннан пайда болған ауыр сырқаты отбасы мүшелеріне оңайға соқпағанын айтады. Олар Амираның емі үшін бар қаржысын салып, қажетті дүние-мүлікті де сатып жіберген.

"Алғашында Алматыда емделдік. Үш ай химиотерапия алған соң, қызымның рак жасушалары 5 пайыздан төмендеді. Қатты қуанып, енді жазыламыз деп ойладық. Алайда кезекті рет тексерілуге барғанда, бізге жағымды хабар айтпады. Қатерлі дерт қайтадан қозыпты. Сол сәтте біз ештеңе ойламастан, бар жиған-тергенімізді алып Түркияға ұшып кеттік. Қазір сол жақта ауруханада емделіп жатырмыз. Бірақ ота жасау үшін өте үлкен көлемде қаражат керек", - дейді Айкерім Талғатова.

Амираның анасы қызының ауыр дертпен барынша күресіп жатқанын, дегенмен оған шұғыл түрде жілік майын ауыстыру қажет екенін атап өтті. Бірақ түркиялық дәрігерлер мұндай ота үшін 146 700 АҚШ долларын сұрап отыр, дейді ол.

"Қазіргі таңда мейірімді жандардан 21 мың доллар жиналды. Мұның бәрін Амираның еміне жұмсап жатырмыз. Бізге әлі 124 мың доллар қажет. Қатардағы қарапайым жанұя болғандықтан, мұндай қаражатты табу бізге қиынға соғып тұр. Баршаңыздан жалынып көмек сұраймын. Түркиядан аман-есен елімізге, үйімізге оралып, қызымның тезірек қатарға қосылуын тілеп жүрмін. Алда әлі сынақ көп, сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз. Бұл дертпен күресу өте ауыр. Қызымның өмірі қыл үстінде тұр. Сіздерден баламның амандығы үшін көмек сұраймын", - дейді Айкерім Талғатова.

  • Амира Әбдіғалиға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:
  • Kaspi Gold
  • Карта нөмірі: 4400 4302 8926 4340
  • ЖСН: 860426400605
  • Телефон нөмірі: +7(778)860-30-91 Айкерим Т (анасы)
  • Halyk Bank
  • Карта нөмірі: 4405 6397 2861 1227
  • ЖСН: 860426400605
  • Телефон нөмірі: +7(778)860-30-91 Айкерим Т (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1994633-omiri-qyl-ustinde-tur-almatylyq-ana-13-zastagy-qyzynyn-emine-zanusyra-komek-surady/

pixel