Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа жылда қызымды қуантқым келеді": Жалғызбасты ана өздігінен жүре алмайтын бес жасар қызына көмек сұрады

Опубликовано:

Зинұр Айбекқызы
Зинұр Айбекқызы. Фото: жеке мұрағат

Алматылық Зинұр Айбекқызы жақында алты жасқа толады. Жеті айлығында дүниеге келген бүлдіршін әлі күнге дейін жүре алмайды. Оған сал ауруы диагнозы қойылған. Десе де, дәрігерлер Зинұрдың жүретін мүмкіндігі бар екенін айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зинұрдың анасы Нұргүлдің айтуынша, бүлдіршін кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Баланың мерзімінен бұрын туылуына анасының денсаулығындағы ақау себеп болыпты. Бүгінде Нұргүл үш баланы жалғыз асырап, бір бөлмелі пәтерді жалдап отыр.

"Жолдасыммен ажырасып кеткенмкін. Соңғы жылдары қызымды емдетуге күшімді салдым. Бірақ қаржының тапшылығынан біраз уақыт жоғалтып алдым. Егер қажетті емді дер кезінде алсақ, қызым бүгінде жүріп кетер ме еді?! Осы ой өзегімді өртейді. Зинұрға туылған кезде "гидроцефалия" диагнозын да қойған. Қуанышқа қарай, басындағы су кетті. Қазір оның "балалар церебралды параличі" және "атрофия" (көздің нашар көруі) деген дигнозы қалды. Бар арманым - осы қызымды қатарға қосу. Өз қатарымен бірге ойнап-күліп жүргенін үздіксіз тілеп келемін", - дейді Нұргүл.

Жалғызбасты ана қызын емдету үшін талай емхананың есігін қаққан. Сал ауруы үнемі қадағалауды қажет ететіндіктен, Нұргүл емге баруға қаражат таба алар емес. Енді оған "Мақсат Мед" емханасына қаралу үшін 500 мың теңгедей қаражат керек.

"Шыны керек, қызымның мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақыға күнелтіп отырмыз. Себебі балаларымды қарайтын ешкім жоқ болғасын, жұмысқа шыға алмадым. Одан бөлек, бір ғана Зинұрдың өзі үлкен күтімді қажет етеді. Мүгедек баланы ешкімге тастап кете алмайсың. Бізге кезекті оңалту процесінен өту үшін 500 мың теңгедей қаражат керек. Жаңа жыл қарсаңында барлық мейірімді жандардан көмек сұраймын. Қызымның аяққа тұруына көмектесіңіздерші", - дейді жалғызбасты ана.

Зинұр Айбекқызына көмектесем деушілер үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi bank номері: 4400 4301 3803 8341

Kaspi Gold тіркелген номер: 7-705-766-33-88, Нургул. Б (анасы).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2003698-zana-zylda-qyzymdy-quantqym-keledi-zalgyzbasty-ana-ozdiginen-zure-almaityn-bes-zasar-qyzyna-komek-surady/

pixel