jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да 20 адам "доңыз" тұмауына шалдықты

    Дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 30 мыңға жуық адам жедел респираторлы вирустық инфекцияға, 269 адам тұмауға шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 1 қазан – жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде 29 581 адам ЖРВИ жұқтырған, былтыр 18 мыңға жуық адам ауырған. Сондай-ақ биыл ауырғандардың 65 пайызы – 14 жасқа дейінгі бала.

    "14 қазаннан бері өңірде тұмау жұқтырудың 269 жағдайы тіркелді. Былтыр небары 35 адам ауырған еді. Биылғы 20 жағдай "доңыз" тұмауына қатысты. 4 адамға H3N2, яғни "гонконг" тұмауы диагнозы қойылды.

    Ауырғандардың 52-сі – жүкті әйел, 84-і 14 жасқа дейінгі бала", – дейді Әсет Жұматаев.

    Басылым мәліметінше, тұмауды жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавл қаласының тұрғындары.

    "Эпидемиологиялық маусым басталғалы 16 қаңтарға дейін ЖРВИ-мен стационарларда 748 адам жатып, ем алып шықты. Олардың 96-сы жүкті әйел, 599-ы – бала. Жалпы ауырғандардың 65 пайызы – балалар.

    Коронавирус инфекциясы кезінде мектептерде балалар қашықтан білім алды, балабақшалар жұмыс істеген жоқ. Салдарынан балаларда тиісінше иммунитет қалыптаспады. Сондықтан бүгінде олар жиі ауыратын болған", – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

    Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, стационарларда тұмаумен 10 адам жатты, тағы алтауы "доңыз" тұмауынан емделген.

    СҚО-да 20 адам "доңыз" тұмауына шалдықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.