jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырынан сегіз келі миома алынды

    Дәрігер мен науқас
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастың жатырынан 8 келі миома алды. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында белгілі болды, деп жазады Ақ жайық басылымы.

    Дәрігерлердің айтуынша, 53 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне келгенде іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналу және қан кетуге шағымданған.

    Облыстық ауруханадағы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенованың айтуынша, 53 жастағы әйел қабылдау бөлімшесіне келгенде қатты ауырсыну туралы айтқан.

    "Науқастың ішкі ағзасы ауырып тұрды. Жүрегі айнып, құсқан. Ағзасында әлсіздік, бас айналуы байқалды. Жыныс жолынан қан кеткен. Біздің бөлімше дәрігерлері науқасты толық тексеруден өткізді. Науқасқа "Жатырдың алып миомасы. Түйін некрозы, орташа анемия" диагнозы қойылды", - дейді Жанаргүл Бекенова.

    Облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенова, гинеколог дәрігерлері Іңкәр Оңдасынова, Мақсат Туганбаев жасаған ота сәтті өтіп, науқас қазіргі уақытта гинекология бөлімшесінде қарқынды ем алуда.

    Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырынан сегіз келі миома алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.