Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірі қыл үстінде тұр": Ақ қан ауруына шалдыққан екі жасар Айзереге шұғыл көмек керек

Опубликовано:

Айзере Әнуарбек
Айзере Әнуарбек. Фото: жеке мұрағат

Ақмола облысы Ерейментау ауданының кішкентай тұрғындарының бірі Айзере Әнуарбекке шұғыл көмек қажет. Екі жасар бүлдіршін аяқ астынан ақ қан ауруына ұшырап, ата-анасы сең соққандай күй кешуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айзере - отбасындағы тұңғыш бүлдіршін. Қазіргі таңда анасы Айгерім Төлеуова ауыр дертке шалдыққан Айзере мен емізулі кішкентай сәбиін арқалап, жанұшырып жүр. Себебі Айзерені емдеуге Түркия емханасы 50 миллион теңге сұрап отыр.

"Барлығы өткен жылдың қарашасында басталды. Қызым суық тиіп, ауырып қалды. Тұмау белгілері шығар деп, өздігімнен емдедім. Бірақ оң өзгеріс байқалмай, ауруханаға жатты. Емізулі кішкентай балам болғандықтан, Айзерені әжесі алып жатты. Өкінішке қарай, аудандық ауруханада екі апта емделсек те, еш нәтиже болмады. Гемоглабині 43-ке түсіп кеткен. Осы кезде дәрігерлер дабыл қағып, бізді Астана қаласындағы "Ана мен бала" орталығына жіберді. Аталған мекемеде қызымның сүйек кемігінен пункция алынып, қауіпті диагноз расталды", - дейді Айзеренің анасы Айгерім.

Балақайға қауіпті диагноз қойылғалы бері Айзеренің ата-анасы мен жақындары тыным табар емес. Олар бүлдіршінді құтқару үшін бар амалды жасауда. Қазіргі таңда 11 миллионнан аса қаражат жиналған. Бірақ қарапайым жанұяға 50 миллион теңгені табу аса қиын болып тұр.

"Біз өте қарапайым отбасымыз. Басымызға келген сынаққа барынша төтеп беріп жатырмыз. Айзеремізді аман алып қалғымыз келеді. Тілі енді шығып, қылықтарымен қуантып жүр еді. Аяқ астынан осы дертке тап болдық... Қазір Түркиядағы "Медипол" емханасы бізді қабылдауға дайын. Жанашыр жандардан көмек сұраймыз", - дейді Айгерім Төлеуова.

Айзере Әнуарбекке көмек көрсетем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi gold: 4400 4301 8212 3858

Halyk bank: 4405 6397 4522 6355

Тел.нөмірі: 8 (776) 176-25-71, Айгерім Т.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2006960-omiri-qyl-ustinde-tur-aq-qan-auruyna-saldyqqan-eki-zasar-aizerege-sugyl-komek-kerek/

pixel