Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламның бір құлағы жоқ": Туабітті дертке шалдыққан оралдық балақайдың анасы жұмада көмек сұрады

Опубликовано:

Рақым Меңдібай
Рақым Меңдібай. Фото: жеке мұрағат

Орал қаласының кішкентай тұрғыны Рақым Меңдібайдың емі үшін ата-анасы мамыр айынан бері қаражат жинап келеді. Себебі кішкентай балақай бір құлақсыз туылған. Ал екінші құлағының есту қабілеті мүлде төмен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рақымның анасы Нұргүл Кенжеғалиеваның айтуынша, балақайға жүктілік кезеңі жақсы өткен. Бірақ сәби дүниеге бір құлақсыз келген.

"Негізі, баламның даму қарқыны жақсы. Аздап естиді, бір-екі сөз де айтады. Алайда бір құлағының жоқтығы жанымызға қатты батады. Қазақстанда ұлымның құлағына ота жасайтын мамандар табылмады. Рақымға қойылған диагноз - атрезия және микротия. Яғни, бір ұлымның құлағы және құлақтағы дыбыс өтетін тесік жоқ. Отандық дәрігерлер бұл тесікті аша алмаймыз деп, бас тартты. Сондықтан ұлыма шетелден ем іздедім", - дейді Нұргүл.

Қаңтар айында екі жасқа толған балақайға Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында ота жасалуға тиіс. Бірақ ота құны арзан емес, 21 миллион теңгені құрайды. Мамыр айынан бері көпшілікке қол жайып келе жатқан жанұя 11 миллионды әупірімдеп жинаған.

"Отаға бару үшін әлі он миллион теңге қажет. Уақыт болса өтіп барады. Мұндай отаны кішкентай кезінде жасаған дұрыс. Рақым өскен сайын, оның құлағының жоқтығы жүрегімді ауыртады. Балапанымызға ем қонып, өз қатарына қосылса деп тілеймін. Ұлымның құлағы естіп кетуіне себепші болсаңыздар екен. Қасиетті жұмада барша қайырымды жандардан көмек сұраймын", - дейді Рақымның анасы Нұргүл Кенжеғалиева.

Рақымның құлағы естіп кетуі үшін көмектесем деушілер болса, реквизиттер төмендегідей:

Халық банкі

4405 6397 1012 5236

87753168146

Нұргүл К. (Рақымның анасы)

Kaspi bank

4400 4301 4720 7960

87471833087

Нұргүл К. (Рақымның анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2007844-balamnyn-bir-qulagy-zoq-tuabitti-dertke-saldyqqan-oraldyq-balaqaidyn-anasy-zumada-komek-surady/

pixel