Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі дерт ұлымды шырмады": Алты жылдан бері ауруханада жатқан 14 жасар балаға шұғыл көмек қажет

Опубликовано:

Сатыбалды Алтай аурухана төсегінде
Сатыбалды Алтай. Фото: жеке мұрағат

14 жастағы Сатыбалды Алтайдың аурухана төсегіне таңылғанына алты жыл толды. 8 жасында ақ қан ауруына шалдыққан ол әлі күнге дейін қатерлі дертпен күресіп келе жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сатыбалдының анасы Шарбану Орынбаева үшін соңғы алты жыл тек күреспен өтіп келеді. Өйткені аты жаман ауру жалғыз ұлын шыр айналдыруда.

"8 жасынан бері осы дертпен арпалысып келеміз. Балам алты рет осы аурудан жазылғандай болған. Бірақ алтауында да қайтадан өршіп, әбігерге салып жатыр. Ұлымның шамасы қалмады. Аурухана төсегіне таңылудан, бітпейтін химия, радиотерапиялар алудан әбден қажыды. 2021 жылы Сатыбалдының сүйек кемігін ауыстырдық. Содан кейін рак клеткалары біржола азаятын шығар деп үміттенген едік. Онымен, ауру қайта айналып соқты", - дейді жеткіншектің анасы.

Қазіргі таңда Сатыбалдыда алтыншы рет рецидив пайда болған. Яғни, алты жылдан бері тоқтаусыз емделсе де, рак клеткаларының беті қайтатын емес. Бұл жолы түркиялық дәрігерлер Сатыбалдының екі жұмыртқасынан рак анықтаған.

"Ұлымның екі жұмыртқасын да алып тастайды. Бұл операция үшін тағы да 70 мың доллар қажет. Соңғы алты жыл бойы халыққа қол жайып келе жатырмын. Мен үшін өте қиын жағдай. Бірақ балам аман қалуы үшін ештеңеден намыстанбаймын. Қазір 10 мың доллардай жиналды. Әлі 60 мың доллар керек. Сіздерден жалынып сұраймын, ұлымның жағдайына бей-жай қарамаңыздаршы", - дейді Сатыбалдының анасы.

Сатыбалды Алтайға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Bank

Карта номері: 4400 4301 5303 2278

Телефон номері: 8 775 708 18 39

ЖСН: 710101414142

Орынбаева Шарбану Есембаевна (анасы)

Halyk Bank (visa мультивалюталы жүйесі):

Карта номері: 4405 6398 1952 9098

ORYNBAEVA SHARBANU

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2008853-qaterli-dert-ulymdy-syrmady-alty-zyldan-beri-auruxanada-zatqan-14-zasar-qazaq-balasyna-sugyl-komek-qazet/

pixel