Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарым үшін үйімді саттым": Аутизмге шалдыққан егіздердің анасы "мама" деген бір сөзге зар болуда

Опубликовано:

Айлин Сұңқарқызы, Жасмин Сұңқарқызы түзету мекемесінде
Айлин Сұңқарқызы, Жасмин Сұңқарқызы. Фото: жеке мұрағат

Ақтаулық көпбалалы ана Гүлмира Жолдыбаева редакциямызға хабарласып, туғалы бері өмір үшін күрескен егіз қыздарына көмек сұрады. Бүгінде алты жасқа жақындаған Айлин мен Жасминнің даму деңгейі әлі бір жарым жастағы балалардың деңгейімен тең, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айлин мен Жасмин 2017 жылы дүниеге келген. Олар мерзімінен бұрын туылғандықтан, біраз сынақтан өтті. Бүлдіршіндер 2 жарым жасқа дейін қалыпты түрде дамыған. Ал үшке жақындағанда бар білгендерінен жаңылып, атына қарамай, сөз түсінуден қалған. Осыдан үш жыл бұрын дәрігерлер егіз қыздарға аутизм диагнозын қояды.

"Біздің төрт баламыз бар, екеуі мектепке барады. Алтыға жақындаған екі қызымызды аяққа тұрғызу үшін бармаған жеріміз жоқ. Ал уақыт болса зулап өтіп жатыр. Алғашында қыздарым жақсы дамып келе жатты. Сәбиге тән гуіл де бар еді, атын атағанда қарайтын. Кейін мұның бәрі біртіндеп жоғалып кетті. Үш жасынан бастап екі қызды апармаған жеріміз жоқ. Түзету мекемелері, невропатолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, томатис және ТМС терапиялар, бәрінен өттік. Бірақ екеуінде де бір дыбыс жоқ, сөз жоқ. Түсінік мүлде болмағасын, ешбір орталық та, балабақша да оларды қабылдамайды", - дейді егіздердің анасы Гүлмира Жолдыбаева.

Қазіргі таңда Гүлмира жұбайымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Себебі өз үйлерін егіздерді емдеу үшін сатып жіберген.

"Айлин мен Жасмин үшін басымыздағы баспананы да саттық. Қазір жалдамалы пәтердің ақшасын жолдасымның жалақысымен төлеп отырмыз. Отбасымызда тек күйеуім жұмыс істейді. Менің бар уақытым егіздермен өтеді, өйткені, оларға ерекше күтім керек. Ерекше балалар болғасын оларды қоғам да қабылдамайды. Бүгінде көп ойлана келе, Айлин мен Жасминге ота жасату туралы шешімге келдік. Егіздердің өз сүйек діңіндегі жасушаларын өздеріне қайта салады. Бұл олардың миындағы нейрондарға жақсы әсер етеді деп сенеміз. Бұл ота арзан емес. Грузиялық емхана ота жасау үшін егіздерге 30 мың долларға жуық қаражат керектігін айтты. Онсыз да балаларымыз үшін бар дүниемізді сатқан бізде мұндай ақша мүлде жоқ. Осы орайда, қайырымды адамдардың көмегіне мұқтажбыз. Біздің егіздеріміздің "мама" деген бір сөзін естуге көмектесіңіздерші," - дейді егіздердің анасы.

Айлин мен Жасминге көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Bank

4400 4301 2003 0538

+7 776 026 66 66, Гульмира Ж

Halyk Bank

4405 6398 1208 2996

+7 776 026 66 66, Гульмира Ж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2009817-qyzdarym-usin-uiimdi-sattym-autimzge-saldyqqan-egizderdin-anasy-mama-degen-bir-sozge-zar-boluda/

pixel