jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалануға бола ма: дәрігер жауабы

    Азық-түлік дүкені
    Азық-түлік дүкені. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер акция бойынша жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату мәселесін көтерді. Дәрігер, сарапшы Айнагүл Қуатбаева мерзімі өткен өнімдерді қолданбауға кеңес берді. Маман онда токсинді заттар болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Айнагүл Қуатбаева жалпы жарамдылық мерзімі біткен өнімдер утилизацияға жіберілетінін атап өтті.

    Оның сөзінше, оларды сатып алып, салаттар әзірлеуге болмайды.

    "Мерзімі өткен бұршақ дақылдарын, дәнді дақылдарды және етті мал фермалары қабылдайды, бірақ тіпті мал азығын да ветеринарлық бақылау арқылы беру керек, өйткені бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Жарамдылық мерзімі – ең алдымен өндірушілердің жауапкершілігі. Олардың өздері жарамдылық мерзімін белгілемейді, бұл үшін санитарлық нормалар бар.

    Мерзімі өткен өнімді төмендетілген бағамен сату мәселесін қарастыруымыз керек. Өйткені, кейбір консервілерде токсинді заттар болуы мүмкін және оны тұтыну қауіпті. Жалпы, қауіпсіздікке қатысты да сақтау шарттарын қарастыруымыз керек. Біз мерзімі өткен өнімдерді тұтынуға кеңес бермейміз", – дейді дәрігер.

    Айнагүл Қуатбаева жыл сайын жаппай тамақтан улану фактілері тіркелетінін айтады. Алайда, мерзімі өткен өнімдерді пайдалану жағдайы тіркелмеген.

    Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалануға бола ма: дәрігер жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.