jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тілімнің жартысын кеседі": ауыр дертке шалдыққан алматылық көпбалалы анаға шұғыл көмек қажет

    Айгүл Қырықбаева
    Айгүл Қырықбаева кореялық дәрігерлердің қабылдауында. Фото: жеке мұрағатынан

    Алматылық жалғызбасты ана Айгүл Қырықбаеваға бүгін, 17 наурызда Оңтүстік Кореяда шұғыл түрде ота жасалып жатыр. 34 жастағы әйел бір ай бұрын ғана өзінің мойын лимфа түйіндері және тіл обырына шалдыққанын білген. Қазір дерт дендеп, обырдың үшінші сатысына жетіп отыр. Төрт баланың анасы кореялық емханаға отаның құнын тек жартылай өтеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айгүл Қырықбаеваға енді 27 мың доллар жетпей тұр.

    "Бір ай бұрын Алматыда обырдың бірінші сатысы деп диагноз қойылды, ақша жиналмаса да, Кореяға келдім, келем дегенше үшінші сатыға жетіпті, обыр тілден лимфа түйіндерге жайылған. Мұнда маған тілдің жартысын кесіп, қолдың бұлшық етінен оны қалпына келтіру отасын жасайды. Ал Алматыда мұндай ота жасалынбайды. Кореядағы отаның құны - 65 мың доллар", - дейді келіншек.

    Жалғызбасты ана мұндай соманы тауып төлейтін қауқары жоқ екенін айтады. Айгүл төрт баласын Алматыда бала күтушіге қалдырып кеткен.

    Айта кетерлігі, бұған дейін Айгүл қызы Жанеляның емі деп жүгірген. Айгүлдің сіңлісінің сөзінше, Жанеляға 1,5 жасында өңештің тарылуы диагнозы қойылған. Айналдырған 1,5 жыл ішінде кішкентай бүлдіршін 12 отаны басынан өткерген.

    "Алматыда Жанеляға өңешін кеңейту үшін кішігірім емшара жасалуы керек еді. Сол кезде хирургтердің қателігінен Жанеляның асқазаны жыртылып кетті. Соның салдарынан қызы реанимацияда көп жатты, ішін тесіп, трубка арқылы тамақтанды. Мойнында да тесік болды, су ішкенде мойнынан ағып кететін. Содан Түркияға апарып ота жасатып, аман қалды. 1,5 жылда Айгүлдің балапаны 12 отадан өтті", - дейді сіңлісі.

    Қызым деп жүгіріп, өзі де ауыр дертке қалай шалдыққанын білмей қалған көпбалалы анаға қаржылай көмек беру үшін төменде реквизиттер берілген.

    Реквизиттер:

    Kaspi Gold

    4400 4302 63966753

    87023333174

    Kirikbayeva Aigul

    Halyk bank (мультив.)

    4405639757498876

    87023333174

    PayPal: kyrykbayeva_07@mail.ru

    "Тілімнің жартысын кеседі": ауыр дертке шалдыққан алматылық көпбалалы анаға шұғыл көмек қажет

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.